29,04.2025ж.-Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК №49 бөбекжай-балабақшасында
«Балалардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында
«АРТ-ТЕРАПИЯ» әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Валиева Жазира Иосифовна өзінің алғы сөзімен ашты. Семинар тақырыбы музыкалық терапияға қатысты болғандықтан, музыка жетекшісі Рахимжанова Динара- жаңа музыкалық аспап «Глюкофонды» таныстырып, аспапта қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» ойнап, қатысушыларды әуенге қосылуын өтінді, аспаптың үні адамның эмоциялық көңіл-күйіне қалай әсер ететінін әңгімелеп, семинарға қатысушыларды алған әсерлерімен бөлісуге шақырды.

Қызығушылық танытқан семинарға қатысушы қонақтар глюкофонда өздері ойнап көріп, аспап үні ерекше сыршыл сезімге бөлейтінін әңгімеледі. Осыдан кейін кейін ритм және музыка тақырыбына кезек беріліп, «Бозторғай»,»Көбелек», «Көктем» тобының тәрбиеленушілерімен метро-ритмикалық оркестр ойналынды. Балалар қол шапалақтау арқылы , әуенге ілесіп, бірдей ритмдер жасап, ерекше қойылым сыйлап, келген қонақтардың көңіл-күйін көтерді. Кейін “Су жобасы” болды. “Балапан” мектепалды тобының тәрбиеленушілері «су оркестрін» ойнады. Бір балалар стакандағы суды түтікшемен үрлеп дыбыс шығарса, әдемі дыбыс шығу үшін бір балалар стаканның ішіне су құйып, стаканды ұру арқылы әдемі дыбыс шығарды. Ал бір балалар су құйғышпен су құйып жаңбырдың дыбысын салғандай әсер қалдырды. Ары қарай келген қонақтардың көңіл-күйін көтеру, сергіту мақсатында қонақтармен диатоникалық қоңырау оркестрі ойналынды. Бұл сәтте интерактивті тақтада қоңыраудың түсі көрсетілді, қай қонақта сол түсті қоңырау болса, сол қонақ қоңырауды соғады, кейін барлығы бірігіп істеді, осылайша қоңырау оркестрі құлаққа жағымды үн беріп, ерекше әуен құрастырылды.

Семинардың соңында пікір алмасу болды. барлығы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін бір ауыздан айттып, алған әсерлерімен бөлісті. Аталған іс-шара қалалық ресурстық орталық әдіскері Сатыбалдиева Жазира Бескемпировна тарапынан жоғары бағаланды.
Семинардың соңында меңгеруші келген қонақтарға балабақшадағы барлық топты аралатып, изотерапия, музыкалық терапия бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтіп жатқан тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің жұмысымен таныстырды.

Іс-шара Жоғары деңгейде өтті, осындай іс-шараны ұйымдастырған барша балабақша педагогикалық ұжымына, меңгеруші: Валиева Жазира Иосифовнаға, әдіскер Сагиева Саулегул Заманбековнаға, музыка жетекшісі Рахимжанова Динара Зулхажденовнаға, педагогтер Магден Жанаргуль Магденовнаға ,Сопыбаева Гулим Аяновнаға, Оразалиева Газиза Абдуллаевнаға, Сырмакбаева Айжан Ермекбаевнаға, Нишанова Карлыгаш Альжановнаға, Елеуова Татьяна Владимировнаға, Аширбекова Лаура Набиевнаға, Чалтабаева Гульмира Даулеткановнаға, Сейтова Алтынкул Атабековнаға, Иманбаева Алмагуль Ермаханбетовнаға, Якубова Эльмира Баскарбековнаға, Демеубаева Динара Беибитовнаға- алғыс білдіреміз.

Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы