Home » Жаңалықтар » Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы

Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы

Астана қаласы әкімдігінің № 80 “Ботақан” балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардағы зерттеу жұмысының  сапасын арттыруға бағытталған маңызды экспериментті алаң аясында қалалық семинар өтті. “Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы” тақырыбындағы бұл шара білім беру саласындағы заманауи әдістерді талқылауға, зерттеу бағыты бойынша тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. 

Семинар шымылдығын балабақша бүлдіршіндерінің “Аралар” атты әдемі билерімен ашылып,  № 80 “Ботақан” балабақшасының меңгерушісі-Конакбаева Жулдыз Каримжанқызы сөз бастады.
Ең алғашқы болып, Жанакулова Жібек Жамантаевна «Мектеп жасына дейінгі балалармен жәндіктерді зерттеудің тиімді жолдары туралы» айта кетті. 2023-2025 оқу жылдарындағы эксперименттік топтың зерттеу жұмыс нәтижелері көрсетілді. Эксперименттік жобаның негізгі мақсат-міндеттері мен артықшылықтарымен бөлісе кетті.
Келесі болып “Қонжық” ересек тобының тәрбиешісі- Өмірзақ Разия “Өсімдіктер мен жәндіктер әлемінде” тақырыбында ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін көрсетті. Топ бүлдіршіндерімен бірге жауынқұрт пен ара секілді жәндіктерді зерттеу жұмыстарының үзіндісін жаңа  технологияларды пайдала отыра көрсетті. Балалар зерттеу барысында жинаған ақпараттарымен бөлісті.

Содан соң “Құлыншақ” мектепалды тобының тәрбиешісі-Ешербай Меруерт ой бөлісті. “Қызыққа толы-ұлулар әлемі” зерттеу іс-әрекетін көрсетіп, осы жоба аясында бүлдіршіндерімен бірге өсірген ұлу, сонымен қоса ара, шыбын, инелік секілді жәндіктердің дамуын көрсетіп, нәтижесімен бөлісті. Бірталай қызықты ақпараттарымен бөлісіп ой-өріс кеңейтті.
“Ғажайып жәндіктер әлемі” зерттеу іс-әрекеті тақырыбында “Дарын” мектепалды тобының тәрбиешісі-Тугелбаева Мария Нарибайқызы бүлдіршіндерімен “WorldWall” платформасы арқылы зерттеген жәндіктері жайлы мағлұматтарымен бөлісті.

Соңғы болып шебер-сынып тәрбиешісі- Исакова Шәкистан Нуриденқызы “Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жасанды интеллект технологияларын колдану тиімділігі” жайлы қорытындылады. Яғни, “WorldWall”,  “QR”,  “GhatGPT” секілді жасанды интеллектті ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде қолдану тиімділігімен бөлісті. Айтуынша, жасанды интеллекттің артықшылығы да кемшілігі де бар. Кемшілігі- уақыт шектеулігінде.
Семинар соңын балабақша психологы Крыловтың “Құмырсқа мен шегіртке” атты мысалын келген қонақтармен әр-түрлі аспаптармен оркестр құрып, әсерлі нотамен аяқталды.
Соңында барлығы ыстық лебіздерін білдіріп, семинарға кері байланыс берді. Осылайша, қалалық семинар мектепке дейінгі тәрбие мен білім сапасын бағалаудың өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, педагогтер үшін эксперименттік алаңның, зерттеу жұмыстарының көкжиегін ашатын тәжірибе алаңына айналды. Мұндай басқосулар мамандардың кәсіби дамуына, білім беру жүйесінің сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

BILIM AINASY
Астана қаласынан
Асель Нұртайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.