Home » Жаңалықтар » Бейбіт күннің бағасын білген ұрпақпыз

Бейбіт күннің бағасын білген ұрпақпыз

Алматы қаласы
Білім басқармасы Әуезов ауданы
КМҚК «№64 бөбекжай- балабақшасы»
меңгерушісі Салимханова Г.К.

Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов ауданы КМҚК «№64 бөбекжай-балабақшасы»  тәрбиешілерінің  қатысуымен  арнайы іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысының тарихи маңыздылығын терең түсініп, патриоттық сезімді нығайту, сондай-ақ соғыстың батырлары мен олардың ерліктерін еске алу болды.
Іс-шараның бірінші бөлімінде тәрбиеші Тұрғанбек Б.Ұ. Ұлы Жеңіс тарихына шолу жасап, соғыс жылдарында қазақ халқының атқарған рөліне тоқталды. Ол арнайы дайындалған презентация арқылы тыңдаушыларды соғыс тарихындағы маңызды кезеңдермен таныстырып, майдандағы батырларымыздың ерліктері туралы тың деректер ұсынды. Тұрғанбек Б.Ұ. баяндамасында қазақ халқының соғысқа қосқан үлесін, тарих беттерінде жазылмай қалған  батырлардың жанқиярлық ерліктері жайлы  мәліметтермен бөлісті.

 Іс-шараның екінші кезеңінде — тәрбиеші Шағатай М.Т. қолөнер туындысын өз шығармашылық жұмысы ретінде көрермендерге таныстырып, оның мәні мен мағынасын түсіндірді. Ол «Майдангерлерге тағзым» деп аталатын естелік тақтаны өз қолымен жасап шығарды. Бұл тақта қазақи нақышта өрнектелген, әрбір бөлшегі терең мән-мағынаға ие. Тақтада Ұлы Жеңіс үшін күрескен батырларға деген құрмет пен тағзым белгісі ретінде қазақтың ұлттық өрнектері мен символдары қолданылғанын жеткізді.
Бұл қолөнер бұйымы тек эстетикалық көркемдік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ұлттың тарихи жады мен құрметін сақтап қалудың маңызды белгісі болды. Көрермендер бұл туындыны үлкен қызығушылықпен тамашалап, еңбегіне зор бағасын берді.

Іс-шараның келесі кезеңі балабақша педагогтерінің орындауында өткен «Жеңіс күні» хоры болды. Бұл хор арнайы Ұлы Жеңіс күніне арналып, патриоттық рух берді. Тәрбиешілердің бірігуі арқылы орындалған хор көрермендерге ерекше әсер қалдырды. «Іс-шара ‘Қазақтың рухты қыздары’ атты би композициясымен жалғасын тапты. Композицияда сақ дәуірінен бастап, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі және қазіргі бейбіт замандағы батыр қазақ қыздарының рухы мен бейнесі көркем түрде бейнеленді.»

Шараны ұйымдастырушылар тек өнерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, жас ұрпаққа Отанды сүю, батырларды құрметтеу және ел үшін күресудің маңыздылығын түсіндірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.