Алматы қаласы
Білім басқармас Әуезов ауданы
КМҚК «№64 бөбекжай-балабақша»
Тәрбиеші Шапиева Асылайым Аскарбековна
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Мақсаты:
Балаларға ғарыш, ғарышкер, ғаламшарлар туралы түсінік бере отырып, олардың ойлау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарышқа деген қызығушылығын арттыру, Қазақстандық ғарышкерлерге деген мақтаныш сезімін ояту, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, бейнеролик көру, шығармашылық жұмыс (пластилин, аппликация, сурет салу), қимылды ойын, мадақтау.
Көрнекіліктер: Ғарышкерлердің суреттері (Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев), ғаламшарлар суреттері, ракета макеті, түрлі-түсті қағаздар, пластилин, бояулар мен қылқалам, жұлдызша-медальдар, фотозона (ғарыш фоны), экран мен бейнероликке арналған құрал.
Іс -әрекет барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін біз ерекше күнді атап өтеміз — Ғарышкерлер күні!
Сендер білесіңдер ме, алғаш рет ғарышқа кім ұшты?
Иә, дұрыс айтасыңдар! Юрий Гагарин 1961 жылы ғарышқа бірінші болып ұшты.

II. Кіріспе: Ғарыш туралы видеоматериал
– Ал енді мен сендерге қызықты бейнеролик көрсетемін.
Онда біз ғарышкердің қалай ұшатынын, ғарыш кемесін және ғаламшарларды көреміз.
Балалармен бірге қысқа анимациялық — танымдық видеоны көру.
Сұрақтар:
– Сендерге не ұнады?
– Ғарышта не бар екен?
– Сендер ғарышқа барғыларың келе ме?
III. Шығармашылық жұмыс
1. Пластилинмен жұмыс: “Менің ракетам”
Қазір әрқайсың өз ракеталарыңды жасайсыңдар. Қиялдарыңды қосыңдар!
2. Аппликация: “Ғарыш әлемі”
Түрлі түсті қағаздармен күн, ай, жұлдыздар, ғаламшарлар мен ракеталарды жапсырамыз.
3. Сурет салу: “Мен – ғарышкермін”
Өздеріңді ғарышкер ретінде елестетіп, суретке түсіріңдер. Ғарышта не көрдіңдер?
IV. Қимылды ойын: “Ғаламшарды тап!”
– Қазір біз ойын ойнаймыз. Мен сендерге бір ғаламшарды сипаттаймын, ал сендер қай ғаламшар екенін табасыңдар.
Мысалы:
– Бұл ғаламшар қызыл түсті, Жерге көршілес. Бұл қандай ғаламшар? (Марс)
– Бұл ең үлкен ғаламшар, оның үстінде дауыл бар. (Юпитер)
– Бұл ғаламшардың айналасында сақина бар. (Сатурн)
(Балалар жауабын айтады, әр дұрыс жауапқа қол шапалақтаймыз)
V. Қорытынды
Фото-зонада суретке түсу:
– Ал енді дайындалған фотозонаға барып, ғарышкер костюмдерімен немесе ракета макеттерімен суретке түсейік!
Қорытынды сұрақтар:
– Бүгін не үйрендік?
– Ғарышта не бар екен?
– Ғарышкер болғыларың келе ме?
Мадақтау:
–Жарайсыңдар!
– Әрқайсыңға жұлдызша беремін — себебі сендер бүгін нағыз кішкентай ғарышкерлер сияқты белсенді қатыстыңдар!