Home » Жаңалықтар » Әсем оюлар

Әсем оюлар

Алматы қаласы
Білім басқармасы Әуезов ауданы
КМҚК «№64 бөбекжай-балабақша»
Тәрбиеші Смаилова Маржан Хусейнқызы

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Мақсаты: Балалаларды ою өрнектер мен таныстыру. Ою өрнектер туралы мәлімет беру арқылы білімдерін нығайту.Балаларға ойын ойнату арқылы,тілдік қорларын дамыта отырып ,танымдық сауатын ашып қимыл қозғалыстарын дамыту.
Көрнекілігі:  Әжемнің сандығы, киізден жасалған ойындар, экрандағы суреттер, әсем безендірілген оюлар, А4  форматта ою-өрнектер сызбасы, тұз терапиясы

«Сәлем- сөздің анасы».
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
-Сәлеметсіз бе,ағай! -деп,
-Сәлеметсіз бе,апай! — деп,
-Есенсіз бе,әжей! — деп,
-Амансыз ба,атай!-  деп,
Ұл- қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Шаттық шеңбер:
Күнім күліп арайлы,
тереземнен қарайды.
Достарыммен шеңберге,
тұрғанымды қалайды. Балалар іс- қимылмен қайталайды.
Тәрбиеші:
-Балалар бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?
-Өте жақсы,өте керемет!
Тәрбиеші:
-Балалар  қазақтың оюларын  білеміз бе?
Балалар:
-білеміз

Ғажайып сәт! «Әжемнің сандығы»
Осы сәтте Амина әжесінің сандығын алып келеді
Амина.
Сәлем,Менің достарым!
Мен сендерге әжемнің сандығын алып келдім.Бірге ашып көреміз бе?
Балалалар:
-Әрине
Амина сандықшаны достарымен ашады
Тәрбиеші:
-Сандықшаның ішінде түрлі- түсті оюларда, әр ою- өрнекте бірнеше тапсырмалар жабыстырылған екен балалар
-Осы тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма? балалар
Балалалар:
-дайынбыз
«Құс мойын»
1.Тапсырма. Ойлан,шешімін тап!  Тор көз ұяшықтардағы есептердің теңдіктерін шешу
«Үкі өрнегі»
2.Тапсырма. Сергіту сәті : Оюлар бейнесін көрсету (жастар композициясы)

«Қошқар мүйіз»
3.Тапсырма. Ұлттық ойын:  «Қыз қуу»
Сергіту сәті «Құс қанаты»
4.Тұз терапиясы
«Кереге көз»
Мнемо:Суреттер арқылы мақал- мәтелді құрастыру
Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны-тәтті. (Алинур)
Бұлақ көрсең көзін аш.  (Қасым-Әли)
Бала тілі –бал. (Иманали)
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. (Сырғалым)
Білім -инемен құдық қазғандай. (Жанель)                                   
Көз қорқақ, қол батыр (Әбілсайд)                             
Қорытынды
Балалар  бүгінгі  Ұйымдастырылған іс -әрекетіміз ұнады ма сендерге?
Қандай оюлардың түрлері бар екен?
Сандықшаның ішіндегі  Аминаның әжесінің тапсырмасын толығымен орындап шықтық па? Деген сұрақтарға толығымен жауап алу Балаларды сабаққа

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.