Home » Жаңалықтар » Дені сау ұрпақ тәрбиелеген елдің болашағы кемел!

Дені сау ұрпақ тәрбиелеген елдің болашағы кемел!

Алматы қаласы, Білім басқармасы
Әуезов ауданы КМҚК
«№ 64 бөбекжай-балабақша»
Тәрбиеші
Карагулова Жадыра Курманкановна


Білім беру дағдылары: Физикалық қасиеттерін дамыту, Коммуникативтік дағдыларды дамыту, Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту, Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Бөлімі: Дене шынықтыру, Сөйлеуді дамыту, Математика негіздері. Құрастыру

Мақсаты:  Балаларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру. Қозғалыс белсенділігін арттыру.Салауатты өмір салтының негізгі әдеттерін қалыптастыру(дұрыс тамақтану,тазалық сақтау,спортқа баулу).Қимылды ойындар арқылы балалардың тілдерін дамыту, жылдамдыққа, ептілікке баулу
Міндеттері: Қимылды ойындар арқылы тазалықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, өзіне- өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: ойын, ашық сұрақтар, тапсырмалар, зерттеу
Дөңгеленіп шаттық шеңберге тұрып. Барлығы қимылмен сәлемдесу жаттығуын жасайды.Тәрбиеші балаларға денсаулықтың маңыздылығы туралы қысқаша әңгіме жүргізеді.

Балалар екі тапқа бөлінеді «Тазалық» «Денсаулық»
Музыка ырғағымен үстелді қимылдар жасай отырып айналып музыкамен бірге тоқтайды.
Бірінші топ:
Ойын: Карточкаларды пайдаланып түрлі жаттығулар жасап. Сол жаттығуларды таяқшалар арқылы бейнелеу.
(Тіл ұстарту жаттығуын айтқызу)

Екінші топтағы балалар:Тазалық құралдары бейнеленген құралдарды санап сол санды тастармен безендіреді.(Санамақ айту)
Сергіту жаттығуы: Музыка ырғағымен жұп-жұбымен сергіту жаттығуын жасату.
Дидактикалық ойын: «Сүлгіні әшекейлеу».  Сүлгіні ұлттық нақышта әшекейлеу.
Мақсаты:.Балалардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, ұсақ қол моторрикасын дамыту.
Дәстүрден тыс жабыстыру жұмысы.Дәстүрден тыс жабыстыру арқылы баланың ойлау, көру қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ойын: «Тіс тазалау»
Мақсаты:Балаларға тіс тазалаудың маңыздылығын түсіндіру.Тіс тазалаудың дұрыс әдісін үйрету.
Зерттеу жұмыстар:
Қолдағы микробтарды қалай кетіруге болатыны жайлы зерттеу жұмысын жасату.

Мақсаты: Балалар қолдарын сабындау ойыны арқылы қолдарындағы микробтарды кетіруге болатынын. Судың қасиетін түсінеді.
Қорытынды: Бүгін сендерге ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады ма?

Таза жүрсек деніміз сау болады екен. Тек тазалықты сақтап ғана қоймай, түрлі жаттығулар мен витаминдер жеуіміз керек. Түрлі витаминдер мен тамақ жеп болғансоң барлығымыз күнделікті тісімізді жууымыз керек.
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысқандарың үшін деп  балаларға медальдар тарату.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.