
Түркістан облысы ,
Жетісай ауданы
С.Сейфуллин атындағы № 52 ЖББМ КММ
Қосымша білім беру педагогы
Уразова Зайнаб Косимовна
«Білім алу батылдық оны толықтыру даналық оны қолдана білу өнер- сабақ беру жай ғана шебер емес, жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен»
Ж. Аймауотов
«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың сыртқы ортамен, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, өз білімін үнемі білімін жетілдіріп отыруы.Функционалдық сауаттылық қарапайым тілмен айтқанда бүгінгі жаһандану тілмен айтқанда адам мамандығын жетілдіріп отруы және мектепте алған білімдерін өмірде қолдана білуі. Функционалдық сауааттылық ұғымы елімізге1960 жылы енген. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда, жеке тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін біліктілік, икемділік пен дағдылар, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады. Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануынаүйрету.
Эссе арқылы сауаттылық арттыру – мәтіннің ролін айқындау және түсіне білу, мәнінмен сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру. Сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.
Функционалдық сауаттылықты арттыруда әдіс тәсілдерді меңгерту.
1. Әдіс тәсіл дегеніміз белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын тәсіл.
2. Алға мақсат қоюды үйрету. Бұл мотиватциясын арттыру үшін қолданылады
3. Басқалармен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Топтық жұптық жұмыстарды өз ойын айта білу.
4. Кітаппен жұмыс жасауға яғни шығармашылықпен ұжыммен кітап оқуға дағдылану.
Мұғалім оқушыға мынадай тапсырма беруге ұмтылу керек.
1. Жүйелі тапсырма беруге
2. Шығармашылықпен баулуға.
1. Жүйелі тапсырма бере отырып мұғалім оқушыны жан жақты таниды мінезін қабілетін зерттейді.
2 Шығармашылыққа баулығанда бала еркіндікке ұмтылады, қиялдайды, армандайды, Сол армандарын жүзеге асуына ұмтылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың мақсаты – оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын екі негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:
- Оқушының әлеуетіне сәйкес, яғни баланың өзінің білімдік деңгейіне сай келетін және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін, білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.
- АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.
Балаларды оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.
- ережелер мен үлгілерді және берілген материалда қолдану біліктігін;
- қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде білімін, біліктігін, дағдыларын қалыптастыру;
- эссеге тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
- мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
- жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;
- өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;
- өз іс әрекетін бағалауды;
- оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.
Функционалдық сауаттылық қалыптастырудың әдістері
1. Мән беріп оқыту технологиясы
2. Диалогтік оқыту
3. Сұрақ-жауап әдісі
4.Ойын түрлері
5. Блум жүйесі
Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет
Жалпы адам баласы есту көру ұстап көру арқылы есте сақтайды екен. Кейбір оқушы жазбашаға кабілетті,кейбір оқушы ауызшаға қабілетті, ал кейбір ұстап көргенде ғана түсіне алады. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты.
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді. Қорыта келгенде функционалдық сауаттылықты дамыту бүгінгі заман талабы жоғарғы деңгейде беретін мұғалімнен шыққан оқушы өмір айдынында өз жолын табады,азамат болып қалыптасады. Әр бір мұғалім осыған ұмтылса шәкірт алдындағы парыздың өтелгенділігі.