Home » Жаңалықтар » Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылық

Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылық

Алматы қаласы, Бостандық ауданы КМҚК № 155 бөбекжай-балабақшасында  «Ғажайып ойын алаңы» тақырыбында қызықты да ерекше іс-шара өтті.

Балабақша меңгерушісі Каратаева Назира Джумагалиевна іс-шараның ашылуында сөз алып, жиналған қауымға жүрекжарды алғысын білдірді. Ол өзінің тебіреніспен айтқан сөздерінде балалар мен ата-аналарға, ұстаздар мен әріптестеріне ерекше ризашылығын, білім мен тәрбие жолындағы қажырлы еңбектерін жоғары бағалайтынын айтты. Меңгеруші осы мерекелік сәтте бірліктің, ынтымақтың және балалардың болашағына деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті.

Тәрбиеші балаларды дөңгелек үстелдің айналасына отырғызып, олардың назарын ерекше ойынға аударды. Үстелде түрлі-түсті, әсем түйелер тұрған еді. Тәрбиеші дөңгелек үстелді айналдырып, стрелканы жібергенде, ол қай түйеге түссе, сол түйе таңдалып алынды. Түйенің ішінен қағаз шығарылып, тәрбиеші оны ашып, оқыды. Қағазда әртүрлі ойын түрлері жазылып, балаларды қызықты тапсырмалармен топтарға бөліп, оларды ойынға белсене қатысуға шақырды. Балалардың жүздерінде қуаныш пен қызығушылық байқалып, әрбір ойын жаңа бір ғажайып әлемге саяхат жасауға ұқсады.

Тәрбиеші балаларды екі топқа бөліп, ерекше тапсырма берді. Бірінші топқа суретте көрсетілген бейнені үлкен бөліктерге бөлінген кубиктердегі суреттерді құрау міндеті жүктелді. Балалар бар ынтасымен жұмысқа кірісіп, көп уақыт өтпей-ақ өздерінің шыдамдылығы мен тапқырлығын көрсете отырып, бейнені құрастырып шықты. Бұл ойын балалар үшін ерекше және қызықты өтті, әрбір қадам оларды ынталандырып, командалық рухты арттырды.

Дөңгелек үстелге қайтадан барлығы жиналып, екінші түйені ашты. Ішінен шыққан ойынның түрі — әріптерді құрау және сол әріптен басталатын сөзді айту болды. Екінші топтағы барлық бала ойынға үлкен ынтамен кірісіп, әріптерді шатастырмай, білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Әрқайсысы өз кезегінде тапқырлық танытып, дұрыс жауаптар беріп, бір-бірін қуанта отырып, жарысқа белсене қатысты.

Кезек үшінші түйені ашып, келесі ойынды бастауға дайындалды. Бұл жолғы тапсырма — сандармен жұмыс жасау болды. Балалар есепке деген жылдамдықтары мен жүйріктіктерін танытып, әр сұраққа шеберлікпен жауап беріп, бір-бірінен асып түсуге тырысты. Ойын қызықты әрі қарқынды өтті, әрбір бала өз білімін барынша көрсетті.

Ойынның ортасында балалар үшін сергіту сәті ұйымдастырылды. Тәрбиеші электронды тақтада көрсетілген түрлі ою-өрнектерді назарға ала отырып, балалардан сол оюларды қимылмен қайталауды сұрады. Балалар шеберлікпен қимылдарын үйлестіріп, көңілді әрі белсенді түрде тапсырманы орындап, сергіту сәті барлығына жаңа күш пен қуат сыйлады.

Келесі кезеңнің тапсырмасы кесте тоқу болды. Балалар осы тапсырманы қызығушылықпен қабылдап, әрқайсысы өз қолдарымен әдемі әрі мәнді өрнектерді тоқи бастады. Тәрбиеші әр балаға көңіл бөліп, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, нәзік, әсем кестелердің жасалуына куә болды. Жұмыс барысында балалардың шеберлігі мен төзімділігі көзге түсіп, әрбір түйін мен өрнек олардың еңбегінің жемісі болып көрінді. Бұл кезең олар үшін тек білім алудың ғана емес, өнердің де ерекше б

Ойын аяқталып, барлық балалардың жүздерінде қуаныш пен шаттық орын алды. Әрқайсысы өзіне тән ерекше көңіл-күймен, жаңа білім мен тәжірибені бойларына сіңіріп, ойынның әсерінен әлі ұзақ уақыт бөленіп жүрді. Келген қонақтар да балалардың ойынға деген құлшынысына сүйсініп, олар да балаша қуанып, ойынға қатысқандай әсер алды. Ойын аяқталған соң тәрбиеленушілер өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, өнерлерін көрсетті. Әрқайсысы өз өнерін шеберлікпен орындап, көрермендерді таңқалдырды, сол сәтте әрбір бала өзін нағыз шебер, талант иесі ретінде сезінді.

Тәрбиешінің сыңғырлаған әсем дауысы, балаларға сабақ түсіндіріп, оларды жаңа білімге баулуы барлық қонақтарды таңдай қақтырды. Әр сөзі мен қимылы балаларға түсінікті әрі қызықты бола отырып, оларды қуанышқа бөледі. Оның әдістемелік шеберлігі мен жүрекжарды үні қонақтардың көңілін терең толқытып, сиқырлы бір әлемге жетелегендей әсер қалдырды.

Осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Каратаева Назира Джумагалиевна ,әдіскер:  Керимбаева Надира Абдыманатовна, тәрбиеші:Оналбекова Анар, музыка жетекшісі Нұрғайып Назымтәрбиешілері және барлық ұжым мүшелеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ұлттық өнер, тәрбие мен құндылықтарды ұмытпай, оларды балаларымызға дұрыс жолмен жеткізіп, игі іс жасап жүргендеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл іс-шара ұжымның бірлігін, балаларға деген қамқорлығын, ұлттық рух пен дәстүрді жоғары деңгейде сақтай отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлестеріңіз.

Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.