Home » Жаңалықтар » Ұлағатты-ұстаз

Ұлағатты-ұстаз

                                                                                   

Жалбырова Ләзат Байгунусқызы
Алматы қаласы,
«№110 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК әдіскері
«Ұстаз-алтын діңгек»
ұлы педагог Ы.Алтынсарин

    Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап білім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырларын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында  өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады, еңбегі өлшеусіз әруақытта қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. «Ұстаз-ұлы тұлға» дегендей бәріміз де ұстаз алдынан өттік. Ұстазымның менің жүрегімнен алатын орны ерекше.

   Ұстаз! Осы сөзді естігенде жүрегіме жылулық сезімі ұялайды.Жақсы ұстаздарға кезігіп, тәлім-тәрбие алған мен өте бақыттымын. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалар едім.

   Мен бүгін еңбек жолымды 1992-жылы бастағанда мамандығым бойынша дұрыс бағыт – бағдар бере білген мен үшін ұлағатты ұстаз:Туретаева Кульжамиля Жолшибекқызы туралы айтқым келеді Кульжамиля Жолшибекқызы өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жан.Ол-ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын балаларды оқыту ісіне арнап келеді.Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Кульжамиля Жолшибекқызының өмірі – мен үшін үлкен өнеге.Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның өмірлік тәжірибе мен өнегесі, өз  қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Мен үшін ұстаз еңбегі әрқашан жоғары тұрады барлығынан. Менің осындай ұстазым болғанына бақыттымын.            

Мен үшін ұстазым — өмірлік үлгі, оның білім мен тәрбие беру жолындағы еңбегі мені әрдайым ынталандырады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.