Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы «Балауса» бөбекжайы» балабақшасында «Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту» тақырыбында аудандық семеинар өтті.
Целиноград ауданы Ақмола облысына қарағанымен Астана қаласын қоршап жатқан аудандардың бірі. Солтүстік батысына қарай Ы.Алтынсарин, Талапкер, Нұра есіл, Қажымұқан, Жаңа есіл, Родина елді мекендері орналасса. Оңтүстік батысында Ақмол, Оразақ, Оңтүстігінде Қабанбай, Жалғызқұдық, Сол түстік шығысында Қоянды, Софиевка орналасқан. Осы аталған елді мекендерден балабақша менгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілер тәжірибе алмасу мақсатында Қабанбай ауылына жиналыпты.