Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №49 «Алтынай» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі мекемеде Абай туындыларының бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында, жас мамандар мен ата – аналарға арналған семинар өтті.
“Біртұтас тәрбие” аясынды ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді Абай туындыларын қолдана отырып бала бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны №49 «Алтынай» балабақшасының меңгерушісі Жанар Дюсенова бастап берді.
Қара сөздің қазаны қайнаған тәжірибе алмасу алаңына серіктес №24 «Айналайын», №36 «Балапан», №83 «Жансая» балабақшаларынан қонақтар келді. Қонақтарға өнерлерін паш еткен ата-аналар «Еркем-ай» әнін орындап берді. Келесі кезекте Абай атамыздың аудармасымен біздерге жол тартқан «Шегіртке мен құмырсқа» композициясы қойылды. Мектепалды топ тәрбиеленушілері мен ата-аналар Абай өлеңдерін, қара сөздері жатқа айтып берді. Осы тұста Әжелер де қалыс қалмады «Бір бала» әнін орындап, көрермендерді тамсандырды.

Тәрбиешілір, Абдалиева, Еркенова , Файзуллаева “Ұлттық дамытушы ойындардың бала дамуындағы рөлі” шебер-сынып көрсетті. метепалды топ тәрбиеленушілері мен ата-аналар музыка жетекшісі: Осиповаға қосылып көзімнің қарасы әнін орындады. Дене шынықтыру нұсқаушылары: Ибраева мен Бағдатова әкелер мектебімен бірігіп «Ұлттық ойын ойды өсіреді» ойынын көрсетті. “Бере білген, бөле біледі” сахналық қойылымды Рашаеваның дайындауымен“Ақ көгершін” мектепалды тобы сомдады. Қоштасу сәті Педагогтердің орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқталды
«BILIM AINASY»
Астана қаласы