Home » Білім және тарих »   Бақытты балалар 

  Бақытты балалар 

               

Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №95 «Алматы»  бөбекжай балабақшасында болдым. Ағашқы кездестіргенім балабақша әдіскері Гаухар Зиятхановна болды. Ол кісімен азды-кемді тілдескен соң, балабақшаның жағдайымен танысып ғимаратты аралап шықтық. Гаухар ханымның айтуынша №95 «Алматы»  балабақшасының миссиясы: «Бала сенімін аялау, мүмкіндіктерін қолдау!»

Балабақша 2018 жылы «Елордамыз – Астананың 20 жылдығы» мерейлі мерекесіне орай ашылды. Жоба қуаттылығы 295 бала. №95 «Алматы»  балабақшасы есігін айқара ашқан кезінен бастап өзінің нақты жоспарлары мен жарқын болашағын айқын көрсете білді. Бүгінгі таңда балабақшамызда 12 топ жұмыс жасайды: 11 топ қазақ тілінде, 1 топ орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарласы, үлгілік оқу жоспары, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сүйене отырып жұмыс атқарады екен.

Балабақша ізгілік (гуманная) педагогика, этнопедагогика, «Реджио» педагогика негізінде тиімді инновациялық  технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданады.

«Almaty balabaqshasy» балалардың жас ерекшелігіне сай, заманауи жабдықталған, сонымен қатар  балабақшада бала денсаулығын нығайтуға арналған галокамера — тұзды шахта, шабандоздар- иппотерапия, құм терапия, арнайы музыка залы,  логопед, би, каратэ, массаж, жеті өнер кабинеті жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  саласында  ғылыми зерттеулер  жүргізіліп, білім беру қызметінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру, жаңа моделді  іске асыру шеңберінде, 2021-2022 оқу жылында «Өсу нүктесі», «Құзырет орталықтарының жұмысын ұйымдастыру», «Бір күн ішінде мектепке дейінгі ұйым тобындағы екі педагог» республикалық жобасының бірінші кезеңіне қатысқан.

2022-2023 оқу жылында «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі    ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобаларын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясын өткізуге қатысқан.

  Жоба барысында балабақшамызда 13 заттық-дамытушылық орталықтар құрылған дейді кейіпкеріміз.

  • Белсенді қимыл-қозғалыс орталығы,
  • Құм мен су орталығы,
  • Рөлдік ойындар орталығы,
  • Текшелер және құрастыру орталығы,
  •  Ұсақ моторика орталығы
  • Қолөнер және сурет салу орталығы,
  • Оңаша ойнауға арналған орталық,
  • Музыка орталығы,
  • Кітап оқу орталығы,
  • Математика орталығы,
  • Жазу орталығы,
  • Ғылым орталығы
  • Технологиялар  орталықтары еркін қолжетімді, қауіпсіз және  үнемі толықтырылып, жаңартылып отырылады екен.

        Топтың жатын бөлмелерін тиімді қолдану мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бұрынғы төсектер, жиналмалы төсектерге ауыстырылыпты. Жатын бөлмеде

-Қимыл – қозғалыс, аудио ертегілер арқылы йога,

— Ірі кубиктер орталығы,

-Оңаша ойнауға арналған орталық,

-Балалардың бойында патриоттық сезімдерді, ұлттық-мәдени дәстүрлерді тәрбиелеуге арналған ұлттық бұрышы да бар.

 -Маркерлік, гриферлік шкафтарды пайдалану мақсатында шығармалыққа баулу, еркін сурет салуға мүмкіндік  беріліп, жағдай жасалынғанын айтады.

Ал енді  балабақша тәрбиешілерінің жұмыстарына келсек!

«Құзыреттілік орталықта негізінен оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру, тәжірибе , көрнекілік әдістерін кеңінен қолданамыз. Әсіресе тәжірибе әдістері мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын тудырады, қызығушылығын арттырады.  Сонымен қатар ынталагдыру әдісі. Соның ішінде ойын- оқыту әдісін тиімді пайдалану. Ойын  — оқыту әдісі танымға қызығушвлық туғызып, балалардың ақыл- ойын дамытады, жаңа білімді    Түсінуге зор ықпал  етеді. Ал зерттеу әдісін қолданғанда  педагог балаларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар яғни тәжірибе жүргізу, балаға қосымша ақпарат беру баланың танымдық қабілетін арттырады. Балалар үлкен қызығвшылықпен орындсйды. Педагог шығармашылығы және шеберлігі  білім берудің нәтижелі өтуінің негізі деп айтсақ та болады. Педагогтың балаға білім беруде, алға қойған мақсаты да айқын болу керек деп ойлаймын» — дейді Гаухар Зиятхановна .

 Өз жұмыстарын сүйіп істейтінін байқадым. Олардың балалармен жұмыс істегені,  бала мен бала болып ойнағаны,  керек кезде дос болып,  керек кезде ұстаз болып   жанынан табылатыны көзге жылы көрінді.  Тәрбиешілердің әрқайсысының өзіндік бір біріне ұқсамайтын  методикасы ерекше.  Бірі ойын арқылы түсіндірсе, бірі суретпен түсіндірсе,  бірі кітаппен түсіндіреді.  

ЕҰУ-нің 4 курс студенті  
Сәруар Назерке

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.