
Астана қаласы білім басқармасына қарасыты №30 «Қайнар» балабқшасында Республикалық «Тілге бойлау» жобасының аясында қалалық семинар өтті. Бағыт тілге қатысты болғандықтан арнайы мейман ретінде Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тіл саясатын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы сондай ақ Астана қаласының №39, 59, 47, 20 тағыда бірнеше балабақшалардан қонақтар шақырылған екен. № 30 «Қайнар» балабақшасының меңгерушісі Жданова Инна Владимировна семинарды жылы лебізімен бастап берді.

Келесі кезекте қолдарына тізгін алған № 30 «Қайнар» балабақшасының психологтері Иманбекова Газиза Серикбаевна Бексултанова Дария Азатовна «Жан сергіту бастамасы» позитивпен бірлікке бағытталған жаттығу жасатты. № 30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері Ищанова Роза Телманқызы «Мен қазақша білемін» орыс тілді балаларға қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныс. Бейне ролик көрсетті. Ортаға тәрбиеленушілерімен әндетіп, әуендетіп, билеп шыққан Абдуова Айгуль Карсыбековна өзінің туа біткен ұстаз екенін айшықтағандай болды. «Қызықты ойындар» көрмесін, «Ұлттық ою-өрнектер» арқылы мектепалды «Қуаныш» тобының кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет қазақ тілі педагогі Тлеубаева Шынар Амангельдіқызы екеуі бірлесіп жасады.

Қонақтар да құр қол келмепті № 39 «Меруерт» балабақшасының тәрбиешісі Харитонова Гульдана Хамзаевна мен қазақ тілі педагогі Валеева Роза Жолбосыновна «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы», №59 «Аққанат» балабақшасының тәрбиешілері Бурамбекова Гульназия Барлыбаевна мен Байболина Айгерим Куатбекқызы «Қоржындағы құндылық» шебер іс-әрекеттерімен өзге қонақтарды таң қалдырды. Астаналық тәрбиешілер мен әдіскерлер бір-бірінен тәжірибе алмасып, қуанышпен тарқасты.
Қонақтар дән риза Инна Владимировна мен Роза Телманқызына ақ тілектерімен, ал,ыстарын жаудырып жатты.
Астана қаласы
БІЛІМ АЙНАСЫ