АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 06 АҚПАНЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА «ҚАЗІРГІ БІЛІМ: САПА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ, ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ, ЭКОНОМИКА ҮШІН МАМАН ДАЯРЛАУ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кеңейтіген алқа отырысын Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндамасынан бастады.
Ғани Бектайұлы:

— Бірыңғай экожүйені құру үшін Министрлік жайлы мектептерді басқару жүйесінің әзірленуі, білім беру саласындағы білім беру стандарттары артып, елдің стратегиялық құралына айналып, модель орта білім беру жүйесіне масштабталатынын атап өтті;
— Білім беру жүйесі мен қоғамның бірлесуінің арқасында ғана баланың сапалы да қолжетімді білім алуына жағдай жасалатынын жеткізді;
— Осы сапалы да саналы білім мен тәрбиені бере алатын білімді де білікті мұғалімдердің керектігін мәлімдеді;
— Жалпы тәрбие жұмысының тиімділігі сынып жетекшілеріне тікелей байланысты екенін, және де бұл жұмысты тәжірибелі педагогтердің жүргізгені маңызды екенін атап, сынып жетекшілікке деген педагог көзқарасының түбегейлі қолға алыну керектігін айтты;
— Осы тәрбие жұмыстары тек педагогтер мен ата-аналар бірлескен жағдайда ғана оң нәтиже беретінін атады;

— «1300 мектепті жаңарту басталып, елбасының тапсырмасы қолға алынды, жайлы мектептер стандартына сәйкестендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде» -деді.
— Биыл қазан айында инклюзивті білім беру практиктерінің халықаралық форумы өтетіні жоспарланып отырғаны, бұл бір жақсылықтың бастамасы болатынын жеткізді;
— Директорлық корпусты сапалы білім берудегі менеджмент пен көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқытып, айтарлықтай өзгерістерге көз жеткізе алатынымызды айқындады.
Бұл жаңалықтар отырған зиялы қауымды бір қуантты.

Мектепке дейінгі білім беру саласына да келіп жеткен жаңалықтар топтамасы аз емес екендігіне көз жеткізіп қайттық. Нақтырақ тоқтала кетсек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік қаржыландырудың жуық арада орын алатынын және де тиімділігі мен нәтижелері жайында Астана қаласы «Балалар корпорациясы» балабақшасының директоры Б.К.Сакаупова біраз балабақшалардың, соның ішінде өз балабақшасының ваучерлік қаржыландыру жүйесіне еніп, жұмыс жасап жатқаны жайлы айтты. Басында қорқыныш сезімі болғанын да жасырмады. Сөз төркінін тыңдай келе «Көз қорқақ – қол батыр» деген мақалдың орын алғанын байқадым.

Сонымен, білім саласындағы ваучердің қызметі қандай? Мемлекет баланың балабақшаға, мектепке, не болмаса жоғары оқу орнында оқу ақысын не тамақтану және басқа да шығындарын төлеу үшін ваучер береді. Ваучер қолға ұсталатын ақша емес, дегенмен ол белгілі бір ақша сомасымен бағаланады. Сәйкесінше, ол оқу не өзге шығынды толық өтемеуі мүмкін. Мемлекет ваучер бере отырып, оқу орнына қаржыны аудару жолымен оқу ақысының толық не бір бөлігін төлеу міндетін алады.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің негізгі ықпалы:
- Жемқорлық тәуекелдердің азайуы;
- ата-аналардың таңдау мүмкіндігін кеңейту;
- білім беру жүйесінде нарықтық қатынасты дамыту;
- білім беру қызметтері сапасын арттыру;
- қаржының ашықтығын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік қаржының үнемделуі;
- Балабақша қызметі үнемі ата-ана бақылауында;
- Ата-ана жауапкершілігінің артуы;
- Білім беру мекемелерінің әділ бәсекелестігі;
- Білім ордаларына нағыз мотивация! – деп білемін.
Бұған дейін ваучерлік қаржыландыру жүйесі еліміздің 3 аймағында пилоттық режимде жүзеге асты. Бұл жүйеге сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастырылған мемлекеттік тапсырыс қаражаты ата – аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің шотына аударылады. Яғни, ата – аналар балабақшаны өздері таңдап, қаражатты қадағалауға мүмкіндік алмақ.
— Яғни, енді ата –аналар немесе баланың заңды өкілі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сапасын бақылай алады. Қызметтің сапасына байланысты балабақшаны ауыстырам десеңіз баламен бірге ваучер кетеді. Осылайша ата – аналар мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын бақылап, өздеріне ыңғайлы балабақшаны таңдай алады.

«Ата –ана баласының кезегі келгенде мемлекет ұсынған балабақшаға ғана апара алатын. Енді ваучерлік механизм арқылы ата-ана өзіне ұнайтын және қолайлы балабақшаны тандай алады. Сондай-ақ, бүгінде білім басқармалары мен бөлімдері мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаны конкурс арқылы анықтап отырса, енді ата-анаға таңдау еркі беріледі. Сәйкесінше, осы арқылы салада бәсекелестік те, сапа да артады», — деді Асхат Аймагамбетов.
- Ал жаңа жүйе біздің өңірде жоспар бойынша 2025 жылы, яғни биыл қолданысқа енуі қажет.
- Баламен ақша жүретін заман да келіп жетті бізге. Енді бұл бір жағынан балабақшалардың жұмысын жандандырады деген сөз. Әрбір балабақша, әр мектепке дейінгі ұйым бір баланың басына жауапты болады. Өйткені бала кетсе, баламен бірге қаржыландыру да кетіп қалады. Жаңа жүйеге өту барысында ата – аналарда ешбір қиындық туындамауы тиіс. Біздің аймақтың да ата-аналарының баланы балабақшаға тіркеу үшін ваучерді қалай қолдану керектігі жайлы ақпараттармен қамтамасыз етілетін, бірыңғай портал іске қосылып, сол порталға тіркеліп, ваучерлік кезекке тұру, балабақша каталогы мен балалар туралы мәліметті, ваучерді алу үдерісі, МДҰ таңдау, қабылдану мен электронды шарт жасасу үдерістері туралы мағлұматтар мен қызметті қолданысқа алатын күндері жақын. Ол үшін электорондық цифрлық қолтаңба кілттерінің дайын болуы міндетті.
Сөзімді аяқтай келе, Балабақша ата – ана таңдауы үшін, ваучер үшін күреседі. Өйткені ваучер қаржысы-балабақша тынысы! Бұл жүйе балабақшалар арасындағы бәсекелестікті жандандырады, білім сапасына да тиімділігі өте зор деп ойлаймын.Сапаның арқасында бәсекеге түсеміз, жемісті жеңістерге жетеміз. Жоғарыда аталып өткен жүйе ықпалдарының барлығы жұмыс барысында қызу қолданыста болатынында күмәнім жоқ.
Ал, құрметті әріптестер, «Көз-қорқақ, Қол – батыр!». Іске сәт!

Алматы қаласы Білім Басқармасының Алмалы ауданына қарасты
«№ 139 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі,
кеңейтілген алқа қатысушысы Сабазова Сандуғаш Самарханқызы.