Home » Жаңалықтар » ТАҒЫЛЫМ МЕН ТӘРБИЕГЕ ТОЛЫ КҮНДЕР

ТАҒЫЛЫМ МЕН ТӘРБИЕГЕ ТОЛЫ КҮНДЕР

Абай мұрасы – ұлттың рухани қазына. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің, тіпті адамзат өркениетінің биік тұлғасы. Оның шығармалары ақыл мен парасаттың шамшырағы, ізгілік пен әділдіктің темірқазығы, ұлт руханиятының мәңгілік мұрасы. Абайдың даналығы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани азық.

Осы асыл мұраны дәріптеу мақсатында балабақшамызда «Абайды танып, рухани жаңғырайық!» атты танымдық апталық ұйымдастырылды. Оған ата-аналар, балалар, педагогтер белсене қатысып, қазақтың дара тұлғасының шығармаларын тереңірек тануға мүмкіндік алды.

Абай апталығы 27 қаңтар күні салтанатты түрде ашылып, оның аясында 28 қаңтарда педагогтерге арналған семинар-практикум, ал 29 қаңтарда балалар мен ата-аналар арасында «Абайды оқы – таңырқа!» атты интеллектуалды сайыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, балалардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген қызығушылықтарын арттыру,  ата-аналар мен балабақша арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту.

Сайысқа арнайы қонақ ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері – Шаяханова Роза Ақпановна және Республикалық «Білім айнасы» газетінің негізін салушы – Қуантай Амантайұлы шақырылды.

Сайыс Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен басталып, қобыздың күмбірлеген үні залға ерекше рухани атмосфера сыйлады.

Сайыстың ашылуында балабақшамыздың инновация әдіскері Жайна Арнаханқызы сөз сөйлеп, оның маңыздылығын ерекше атап өтті:

“Бұл сайыс – білім жарысы ғана емес, Абай мұрасын жүрекпен сезініп, оның ойларын санамызға сіңіруге арналған тағылымды шара. Ұлы Абайдың даналығы – әрбір ұрпаққа бағыт беретін шамшырақ. Бүгін ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегінің куәсі боламыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!”

Жүргізуші сайыстың шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға белсенділік пен тапқырлық танытуға шақырды.

Сайыс кезеңдері:

1️. «Таныстыру» – Әр команда өздерін ерекше таныстырып, шығармашылық таныстырылымдарын ұсынды. Киім үлгісі, сахналық мәнері, ұрандары мен таныстыруы сынға алынды. «Мирас», «Ынтымақ», «Парасатты жол», «Абай мұрасы» топтары өздерінің тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті.

2️. «Абайдың даналық шыңы» – сұрақ-жауап кезеңі.

Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты 20 сұраққа жауап берді. Бұл кезеңде жылдамдық пен білімділік сынға түсті.

3️. «Абай әлеміне саяхат» – шығармашылық сәйкестендіру.

Қатысушылар «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асыл іс пен 5 дұшпанды сәйкестендіріп, Абайдың адамгершілік қағидаларын талқылады.

4️. «Абайдың қара сөздері – даналықтың кәусары»

Қатысушыларға Абайдың қара сөздері жазылған карточкалар беріліп, олардың мағынасын ашу тапсырылды. Бұл кезеңде Абайдың философиялық ойлары мен өмірлік қағидаларын терең түсіну талап етілді.

5️. «Абайдың төрт мезгілі» – табиғаттан тәрбие.

Балалар Абайдың «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұрым» өлеңдеріне байланысты пазлдар құрастырып, әр мезгілге сай тақпақтарын мәнерлеп оқыды.

6️. «Абай әлеміндегі іздер» – өлеңдері бойынша ребустар шешу.

Қатысушылар Абай шығармаларына негізделген ребустарды шешіп, логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

7️. «Абайдың ғибратты сөздері» – сахналық көріністер.

Балалар Абайдың мысалдары мен өсиет сөздеріне негізделген көріністер қойып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Іс-шара соңында Республикалық «Білім айнасы» газетінің негізін салушы – Қуантай Амантайұлы қорытынды сөз сөйлеп, сайыстың тәрбиелік мәніне тоқталды.

Әдістемелік орталығы әдіскері Шаяханова Роза Ақпановна «Бұл сайыс балалар үшін рухани сабақ, ата-аналар үшін тәрбиелік мәні зор кездесу, ал педагогтер үшін білім мен танымның ұштасқан алаңы болды» — деп игі тілектерін айтып,  қатысушыларды дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапаттады.

«Бас жүлде» – «Мирас» тобы

І орын – «Парасатты жол» тобы

ІІ орын – «Ынтымақ» тобы

ІІІ орын – «Абай мұрасы» тобы

Қорыта келгенде, Абай –– қазақ халқының асыл қазынасы. Осындай іс-шаралар арқылы біз балаларды Абайдың даналығына жақындатып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге мүмкіндік береміз. “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек!” – деп, Абайдың өзі айтқандай, өскелең ұрпаққа білім мен руханиятты қатар сіңіру – біздің міндетіміз.
Ұлы Абайдың өсиеті – мәңгілік!
Оны оқып қана қоймай, жүрекпен сезініп, өмірімізге енгізейік!

Астана қаласы №98 Мирас» балабақшасы МКҚК
Инновация әдіскері Байтасова Жайна Арнаханқызы,
Астана қаласы №98 Мирас» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Ауезова Кенжегүл Жайылханқызы

16 комментариев

  1. күшті қызықты өтті

  2. Іс-шара керемет деңгейде өтіпті !
    Барлық қатысушылар үшін бұл ерекше әрі мағыналы сәт болған сияқты. Ұйымдастырушы, инновация әдіскері Жайна Арнаханқызы, жарайсыз! Сізге кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер мен шабыт тілеймін!

  3. Анар Жазыкбаевна

    Жас келсе іске дегеннің дәлелі осы болар. Жайна іс шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, ең бастысы “Дара да Дана Абай” тақырыбын аша білгеніңіз керемет. . Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз жоғарылай берсін

  4. Абилова Турган

    Өте керемет. Ұлы Абай атамызды еске алып, өлеңдерін жатқа білуіміз керек. Тақырыбы да өте керемет. Тағлым мен тәрбие жөнінде ата-ана балалары арасындағы тәрбие, бір бірімен түсінісу, отбасындағы ауыз біршілікті көрсету деп ойлаймын.

  5. Айнур Жазыкбаевна

    Өскелең ұрпаққа тәлім мен тәрбие беру жолында жасап жатқан еңбектеріңізге толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілеймін. Жайна Арнаханқызы, бала тәрбиелеу жолындағы ізгі ізденісіңізбен халықтың қошеметіне бөленіп, биіктерден көрінуіңізге шын жүректен тілектеспін!!!

  6. Қаламқас Қалыбайқызы

    Абай-ақыл мен білімнің,ой мен ғылымның айнымас алтын қазығы! Абай атамыздың нақыл сөздері мен шығармаларын жас ұрпақ балабақша қабырғасынан бойына сіңіріп өссе,келешегімізде елім,жерім дейтін саналы ұрпақ жетіліп шығатыны анық. Қазіргі әлеуметтік желілердегі мәнсіз,мағынасыз,тәртіпсіз “вайндар” мен “рилстар” жас ұрпақтың санасын улап жатқаны бәрімізге мәлім. Еліміздің ертеңі бұлыңғыр болмас үшін, ұрпақ тәрбиесі бірінші орында!”Ел боламын десең-бесігіңді түзе!” -деп бекер айтпаған ата-бабамыз. Сондықтан осы сынды тәрбиелік мәні зор апталықтардың балабақша қабырғаларынан бастап өтуін құба құп қолдаймын!!

  7. Өте керемет жәнеде күшті

  8. Керемет!
    ????????????????

  9. Керемет жұмыс, болашақта сәттілік тілеймін! Ұлттық шұндылықтарды бойына сіңірген ұрпақтарымыз көп болсын, өсіп өнсін, қоғамға пайдасы тиетіндей азамат пеназаматшаларымыз аман болсын????

  10. Мы из Кызылорды. Родственники Жайны.
    Вы прекрасно преподнесли детям великого Абая.Его стихи»Четыре времени года»,Слова-назидания,постановки его произведений- навсегда запомнится в душах малышей.
    Спасибо вам,учителям и воспитателям.Творческих успехов!!!

  11. Оте керемет,жогары денгейде, саттилик тилеймин

  12. Тамаша,оте жогары денгейде, саттилик тилеймин,алар белеси Алда кудайкаласа

  13. Керемет игі бастама. Тәрбиелік мәні зор іс — шаралар жалғасын таба берсін .

  14. Балгабаева Айгул Азатбеккызы

    Жайна жаным талабыңа нұр жаусын. Балаларға саралы білім саналы тәрбие берудесің. Біз сенімен мақтанамыз

  15. Салтанат Каленова

    Ұлы Абайдың қарасөздері тағлымы мол мұра. Абай өлеңдерімен сусындап, қара сөздерімен тәрбиеленген бала ұлт мақтанышы болары анық

  16. Гүлбақыт

    Білімдіден шыққан сөз,
    Талаптыға болсын көз
    Нұрын, сырын көруге
    Көкрегінде болсын көз.
    Абай атамыз айтқандай ,білімді ұрпақ болашағымыз, ұрпағымыз өсе берсін. Жайна өте орынды келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға үйреткен әрбіз сөзің орынды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.