Home » Жаңалықтар » Өркениеттің мұрасы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Өркениеттің мұрасы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

ДКО-ның шығу тарихы және оған қандай спорт түрлері кіреді?

Қазақстаннан қанша спортшы қай спорт түрлері бойынша қатысты?

Түп тамыры қырғыз елінен кең етек жайып келе жатқан байрақтар бәсекесі бастапқы 3 жыл қатарынан (2014, 2016, 2018) Қырғызстан Республикасында өткен. 2020 жыл кезегінде пандемия салдарынан тоқтатылған. 2022 жылы Түркияның Изнак қаласында қайта жанданса, биыл 2024 жылдың 8-13 қыркүйек Қазақстанның астанасында көптеген елдердің басын қосты. Еліміздің ұйымдастырушылары ДКО-ның өткізілу мезгіліне ерекше мән беріп қыркүйек айы — жазғы жайлаудан қысқы қонысқа көшудің аяқталуын білдіретін мерекеге сілтеме екендігін атап өтіп, күз мезгілінде өткізген болатын.

Орталық Азия тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарының топтасуымен ерекшеленген спорттық жарыс араға екі жыл салып дайындық-тәжірбие жинаған спорт майталмандарының жүйріктерін саралап, өз елдерінің жалауларын асқақтатуға мүмкіндік береді. Басты мақсат — этноспорттық және этномәдени қозғалыстарын дамыту.      

Әлемдік мәртебеге ие халықаралық бәсекеге 2024 жылы 21 ұлттық спорттың түрінен 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынды.  Атап айтқанда, асық ату, арқан тартыс, көкпар, теңге ілу, ашыртмалы аба гюреши, көрәш, мас-рестлинг, тоғызқұмалақ, овари, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, ордо, бәйге, аударыспақ, қазақ күресі, кураш, алыш, күштілердің сайысы, мангала, жамбы ату, құсбегілік. Жалпы сексен бес елден үш мыңға жуық спортшы қатысты.

           Жалпы бірінші кезекте әлем бойынша халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері саналатын елдер, сондай-ақ, көшпенді емес елдердің командалары да қатысады. 5-ші ДКО инфрақұрылымына «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешені сияқты 6 елордалық нысан кірді. Ежелгі Олимпиада ойындарынан бері ашылу рәсімі Ойындардың ажырамас бөлігі болып табылады. Ірі халықаралық спорт форумдарының дәстүрлеріне сүйене отырып, көшпенділер ойындарындағы ең мәнді және жарқын оқиғалар ойындардың ашылу және жабылу рәсімдері болып табылады. Ашылу рәсімі міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының туын көтеру және өткізу тәртібін ҚР  Мемлекеттік және Дүниежүзілік көшпенділер әнұрандарының орындалуымен бастау алды. Сондай-ақ, ойындардың ашылғанын ресми түрде жариялайтын Мемлекет басшысының сөзі Ашылу салтанатының шарықтау шегі болды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі «Қазанат» орталық ипподромында өткізілетін көкпар турнирінің финалист командаларының финалдық ойыны бітісімен іле өткізілді.

Қазақстан бойынша Ұлттық құрама командасынан 21 спорт түрінен 281 спортшы қатысты, оның ішінде Астана қаласы құрамасынан 7 спорт түрінен 16 спортшы қатысып жоғары нәтижелерді көрсетті:

Дәстүрлі садақ ату «Пута» нысанасы

Қанат Қасымхан – 3 орын

Батихан Айкөркем – 3 орын

Дәстүрлі садақ ату «Қалқан» нысанасы

Тапенов Ербол – 2 орын

Қанат Қасымхан – 3 орын

Дәстүрлі садақ ату «Жамбы» нысанасы

Сәлімов Бақберген – 3 орын

Бес асық

Қазақстан командасы – 1 орын

 Елемес Перизат, Даниярова Камила, Думан Когершин, Әскер Сания

Тоғызқұмалақ

Қазақстан командасы – 1 орын

 Әуелбай Ерсұлтан, Бостандыков Бексултан, Қожанәссіп Аңсаған, Серікқызы Мөлдір

Жеке сында: Әуелбай Ерсұлтан – 3 орын

Корэш

Шаймерден Біржан – 1 орын

Дәстүрлі садақ ату «Жамбы» нысанасы командалық

Қазақстан командасы – 2 орын

Қанат Қасымхан Батихан Айкөркем Бесултан Марат Әбдікерімов Мақсат Төлеуқанова Ажар

Құсбегілік

Рауильұлы Құдайберген – 1 орын

Күнтуған Серикбек  – 1 орын

Мангала

Зкрияев Биғали – 1 орын

Есіркеп Құндыз  – 1 орын

Командалық есеп – 1 орын

Зкрияев Биғали  Есіркеп Құндыз

Ордо

Қазақстан командасы – 2 орын

 Кайыпбеков Мырзамұрат, Аманкельдіұлы Айбек, Нұрланұлы Мұхамбетжан, Ануарбекұлы Нұржігіт, Қизат Саят, Молжигитов Нурканат, Карабаев Алмас, Абилхан Талгар

Қосымша ақпарат:

2014 жылы – 19 ел – 10 спорт түрінен 583 спортшы

2016 жылы – 62 ел – 26 спорт түрінен 1200 спортшы

2018 жылы – 82 ел – 37 спорт түрінен 2000 спортшы

2022 жылы – 82 ел – 13 спорт түрінен 3000 спортшы

2024 жылы – 85 ел – 21 спорт түрінен 3000 спортшы

Қарамен жазылғандар Астана құрамасы мүшелері

Астана қаласы №17 мектебінің

11 «А» сынып оқушысы,

Ақжан Акимова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.