Ән салынып, би биленді. Бұл ұлттық құндылықтардың дәріптелінуі. Жаңадан ойластырылған авторлық «Ақ сүйек» ойынының тұсауын Ұлағатты ұстаз, мектепке дейінгі білім саласының жанашыры, Астана қаласы №70 “Құлыншақ” балабақшасының ғылыми жетекшісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.к, Жумабекова Фатима Ниязбекқызы мен Дүниежүжілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы кесті. «Ақ сүйек» ойнау ережесін Астана қаласының №70 құлыншақ балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Смадьяр Сырлан Бейсенбайұлы таныстырды. Айжарқынова Амира, Орынбай Раяна «Ақ сүйек» ойынын ойнап көрсетті. Балабақшаның аурасы “біртұтас тәрбиені” бойларына сіңіріп, күннің шапағатын шашып тұрғандай сезілді.
Білім айнасы
Астана қаласынан
Қуантай Амантайүлы
Қандай керемет! Сондай әсерлі сезімде отырып көріп шықтым. “Ақсүйек” ойынын балаларыма үйретіп, ҰІӘ арасында ойнатуға ниеттеніп отырмын.