Тіл жанашыры, қайраткерлігімен, қаламгерлігімен танылған тұлғалардың бірі – Шона Смаханұлының туғанына биыл 100 жыл толады. Алматы қаласында №62 гимназия Шона Смаханұлы есімімен аталаған. Тұлғаның мерейтойына байланысты аталған гимназияда ісшаралар басталып кетті. Ең басты мақсаты – сатирик ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ұстаздың барлық қырымен, қаламгерлігімен және тіл жанашыры ретінде жасаған өлшеусіз еңбектерімен оқушыларды таныстыру болатын. Ол қазақ тілі мен әдебиеті кафедра жетекшісі Қайыпжанқызы Сандуғаштың ұйымдастырумен басталды. Жалпы гимназия директоры Мейрамгүл Набидоллақызының көптеген ісшараларға жетекшілік етуінің арқасында ұйымдастырылып жатыр. Ең көрнектісі – ақынның мұражайының толықтырылып, жаңартылуы. Сонымен қатар ақындық өнері бар оқушылар Шона Смаханұлының ел, жерге, әдебиетке сіңірген еңбектерін өлеңдеріне арқау етіп, жүрекжарды лебіздерін білдіруде. Гимназияда өткен жас ақындар сайысында гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Хамза Майрагүл, Марат Бағира, Рыскелдиева Гүлмираның оқушылары «жүзден жүйрік» болып танылды. Оқушылардың өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынамыз.
Сержан Толғанай Нұрболатқызы
9-сынып оқушысы
Жүрегі соққан қазақ үшін,
Әндер жазған халық үшін,
Мектеп ашқан ұрпақ үшін
Бабамыз бар Шона деген.
Кіші кезден көзге түсіп,
Абайменен бірге өсіп,
Әр шығармасының бабын
Жатқа білген дана бала.
Оқушы кезден өлең жазып
«Ақын бала» атанып,
Өсе келе халқының,
Жері менен елінің
Бар шындығын қағазға
Қаламсаппен түсіріп,
«Шатақ шақар» атаққа
Ие болды ол жастан.
Шығармасын оқысаң
Білмей-ақ сен авторын
Шона жазған өлеңді
Бір көргеннен танырсың .
Ешкімде жоқ стиль ұстанып,
Қолтаңбасын ол қойып,
Сөз сапасын ерекше
Биіктетіп шығарған
Өлеңдерін ол ақын.
Бояуы ұлттық қанық болған
«Ана» деген ол тілін.
Өз халқына ән арнап,
Қаламгер болды ол ақын.
Қазақ үшін мектеп ашқан
Ұмыттың ба, боз бала
Бұндай асқар тұлғаны!?
Оқып жүрсің сен қазір
Сол ұстаздың атына
Есігін ашқан мектепте.
Алғысыңды, балақай,
Қайраткер Шона атаңа
Құрметпенен сен білдір!
Тілектес Аяулым
10-сынып оқушысы
Шона Смаханұлына
Тілім деп соққан жүрек жаны,
Шындықты айтып,танылған дара.
Халқынның бағы,асқар тауы,
Қазаққа сендей ұл болған баға.
Қаламың жүйрік,сөзің өткір,
Көңілге тұнған сырлы жырлар.
Еліннің ұлты,болашағы,
Қаламың әр сөзге жан беріп тұрды.
Қаламынан ақиқат ағып тұр,
Елің үшін төгілді ойың ақ күн.
Халқыңның санасына жарық жақтың,
Шежіреңмен жаңа дәуірді аштың.
Ұлы дала саған қарыз мәңгі,
Ұрпақтар сені жырлар әрбір таңғы.
Өзіңменен жолыңа нұр төгілер,
Тарихыңнан ерліктің лебі сезілер,
Ұлт рухын көтерген дара тұлға,
Ел мұрасын көтерген асыл тұма.
Сөздеріңде жүректің үні жатқан,
Шона ата,сендей жан көпке шуақ,нұр ма?
Арманың тілді көтеріп биік,
Ұрпаққа аманат қалдырдың мықты.
Шонадай ердің рухы биік,
Мәңгіге ұмтылмас тұлғаң анық!
Ұлтыңның үні,жүрекке жалын,
Қазақтың ар-намысы сенен қалған.
Тілі үшін күрескен нардай едің,
Халықтың сенімін ақтаған алған.
Жазғаның ұмтылмас тарих боп қалды,
Қаламың әр сөзге тұнып тұрды.
Шона деп ауызға алғанда ел,
Жүректер мақтаныш сезімін ұқты.
Алау болып жандын тарихта мәңгі!
Ұмтылмас атын ұрпаққа.
Өнеге-мирас жастарға мәңгі,
Сенен қалған дастан бәріне үлгі.
Ардақты ұлы қазақтың сен,
Ұрпаққа өсиет,өнеге сен.
Еліннің бағы,ертеңі үшін,
Сендей ұл болу – биік мерген.
Шона Атаға
Жүрек жырын ақ параққа түсірген!
Сезім сырын сырларынан түсінем.
Қанаттысың,дара туған ақынсың.
Шона ата мақтанамын өзіңмен!
Шона ата қайталанбас дарасың,
Өлеңіңмен дерті барға дауасың.
Жараланған жанымызға шипа боп,
Сөздеріңнен табар жүрек панасын.
Рухың бойда, сөздерімде,санам да
Топырағымда,самал жел мен,далам да.
Бір өзіңдей жан жетпей жүр ақылшым,
Жол сілтейтін жас өренге әмәнда.
Ақиықсың,ақылыма сен керек,
Сөзің керек,көңіліме ем керек.
Қанымдағы қасиетке масайрап,
Ізіңменен келем аңдап мен демек.
Нұрлан Мирас
6-сынып оқушысы
Шона атама
Тарихқа көз жіберсек бұрынғы өткен
Кездеседі қисынсыз жайттар көптен
Сенесіз бе, кешегі Алматыда
Қазақ тілді болыпты бір-ақ мектеп!?
Мектеп жайын көтеріп, тілдің жайын
Шона атамыз күресіп, шекті уайым,
Ата ашқан мектепте білім алып
Қазақ елін қорғауға біздер дайын!
Рыскелдиева Гүлмира Дәулетқазықызы
Алматы қаласы Ш. Смаханұлы атындағы
№62 гимназияның үздік ұстазы