Home » Жаңалықтар » 25 қазан — Республика күні

25 қазан — Республика күні

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК №33 бөбекжай-балабақшасында Республика күні аталып өтілді.

25 қазан Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн.
Бұл күн Республика күні ретінде аталып өтеді. Республика күні – еліміздің басты және болашақ ұрпаққа тәуелсіздіктің құндылығын түсіндіретін, ұлттық рухты көтеретін ұлттық мереке. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.

Бұл іс-шараның басты мақсаты тәрбиеленушілердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші Орынбекова Маржанкуль Досбергеновнаның мектепалды “Радуга” тобының тәрбиеленушілері және тәрбиеші Мажиева Жайна Қайратқызының мектепалды “Светлячек” тобының тәрбиеленушілері мерекеге үлкен дайындықпен келгеніне көз жеткіздік. «Республика күні» деп  аталатын мектепалды тобының тәрбие сағаты әнұранымызды орындаудан басталды. Ары қарай тәрбиеші балаларға Республика күнінің маңызын түсіндіріп, соған байланысты сұрақтар қойды. Халқымыздың ұлттық аспаптарын, ұлттық ойындары туралы сұрақтарға бүлдіршіндер жарыса жауап берді. Ортаға қазақ ертегісінің кейіпкері “Алдар көсе” келіп, балалардың өнерін тамашалады. Қыздар мың бұралып “білезік” биін және тарихи күннің мән-маңызын түсінген балалар “Қазақстан туын көкте желбіретем, мен өз Отанымның мақтанышымын!” деп көк туымызбен сахнаға шықты. Қыздарымыз ұлттық аспаптарды ұлықтау мақсатында тай тұяқ аспабында ойнады.
Ұлдар болса Алдар көсеге қазақтың ұлттық ойыны асық туралы айтып, бірге асық ойнады.
Мерекенің соңында балалар шеңбер құрып, шуақ шашқан күннің символын ұстап, “Әрқашан күн сөнбесін” әнін айтты.

«Бала біздің болашағымыз, сондықтан тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында аянбай еңбек етуге дайынбыз», — дейді балабақша меңгерушісі Аида ханым.

Осындай мерекені ұйымдастыруға ұйытқы болған КМҚК №33 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Шеримкулова Аида Майбекқызы және балабақша әдіскері Ихсанова Гүлбақыт Ерсайыновна алғысымызды айтамыз. Ұлттық аспаптарымызды ұлықтап, әсем әндерімізді балапандарымыздың бойына дарытып жүрген музыка жетекшісі Сариева Ақтоты Ойнаровнаға мың алғыс!

Бүгін біз қонақ болған балабақшаның тарихы тереңде жатыр.
Іргетасы 1967 жылы қаланған бұл балабақшадан талай ұлтына қызмет етіп жүрген ұландардың шыққаны анық. Қазіргі таңда балабақша 6 топ, 145 бала бар.
3 топ мемлекеттік тілде, 3 топ орыс тілінде білім мен тәрбие алады. КМҚК №33 бөбекжай-балабақшасының ұжымы ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ұлттық киімдерімізді ұлықталып, мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихатталып, өскелең ұрпақтың отаншылдыққа тәрбиеленіп жатқаны көңілімізге қуаныш орнатты.
Балабақша — бала бақса, білімнің шамын жақса игі. КМҚК
№33 бөбекжай-балабақшасына жаңа ізденістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.