Home » Жаңалықтар » Кешегіден бүгінге…

Кешегіден бүгінге…

Көкшетаудан сөйлеп тұрмын…
Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан білім басқармасында болдым. Басқарма басшысының есігі жабық, құлыптаулы, мөр басулы екен. Осы есіктің арғы жағында талай кісілермен кездестік. Оның ішінде елге шынайы жанашыры да, жанашырсымағы да болды. Жақсының жақсылығын айтасың- ау, жаманның несін айтарсың. Не болса да ішімізде.
 2017-2020 жылдар арасында бұл тұтқаның иесі болған қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаты Талғат Жүнісов мырза еді. Талғат Тұрлыбекұлы — инженер-механик, заңгер, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі. Бір қарағанға қарапайым, сыпайы жан. Әр нәрсеге ғылыми көзқараспен қарайтыны көрініп-ақ тұрады.
2020- 2023 жылдары басқарма тізгінін бүгінде Ақмола облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов мырза ұстаған еді. Бейбіт Айтымұлы қарапайым ұстаздықтан бастап, бірнеше мектептің директоры, білім бөлімінің басшысы, аудан қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып басқармаға үлкен тәжірибемен келген кісі. Сондықтан да болар бүгінде облыстық мәслихатта тер төгіп жүр.
Білім басқармасын 2023 -2024 жылдары Шоқан мырза Оразалин басқарды. Ол кісі жайында көп айта алмаймын. Бір рет қана кездестім. Ғаламтордағы ақпараттарға сүйенсек “Әр жылдары орта мектеп мұғалімі, Щучинск гуманитарлық-техникалық колледжінің, Бурабай аграрлық-техникалық колледжінің, Щучинск қаласының экология және орман шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері, сондай-ақ Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді” деп жазады. Білуімше Шоқан Жетпісбайұлы білім басқармасының басшысы болардың алдында орынбасар қызметін атқарған.
Білім саласының басылымы ретінде Ақмола облысынмен жұмыс жасай бастағандағы жеті-сегіз жылдың өрнегі осылай. Кім білсін, шама шарқынша, қауқар қалпынша өз қызметтерін атқарған болар. Ол біреуге жағып, біреулерге жақпағанда болар. Бұл кісілердің соңынан топырақ шашып, ғайбат айтудан аулақпыз. Біздің айтпағымыз білім саласының бүгіні һәм ертеңі.
Бүгін Ақмола облысы білім басқарма басшысы қызметін Айнагүл Балташева басқарып отыр. Күдіктен сенім басым. Айнагүл Қыдырбайқызы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын – қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша тәмамдаған. Бүгінде білім саласындағы мүшкіл халдегі қазақ тілінің жағдайын жақсартар деген үміт бар.

Жоғарыдағы көрініске оралайық. Есіктің жабық тұрғаны Ақмола облысы, Қосшы қаласында жайлы мектеп ашылып басқарма басшысы сонда кеткен. Есік сол үшін жабық тұр екен. Ақыры келгесін текке кетпейік деген оймен18 жыл Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы болған. Биыл 19 шы қазанда «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары болғанына тура 9 жыл болатын, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» Гамазов Валерий Георгиевичтің есігін қақтым. Мемлекеттен бастау алған “БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” бағдарламасы өңірде қалай жүріп жатқаны жайында сұрадым. Ол кісі Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ләззат Құрманғалиевамен таныстырды. Келесі оқиғаларды, келесі мақалаға қалдырайын

“BILIM AINASY”
Астана — Көкшетау
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.