«Көшпенділер ойыны балабақшада».
Осы тақырып арқау болып, Астана қаласының Білім басқармасына қарасты №11 “ГАУҺАР” балабақшасына бардық. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде мектепке дейінгі ұйымда көшпенді ұлттар ойындарын дәріптеген іс-шара болды. Онда бүлдіршіндер мен ата-аналар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жарыс ұйымдастырылды.
Балалар Қазақстан, Саха, Қырғызстан, Түркия мемлекеттері болып топқа бөлініп, дене шынықтыру нұсқаушысы Есенкулова Жумагул Серікқызының нұсқауымен теңге ілу, қошқар көтеру, ханталапай, кім мықты (оқтау тарту), шертпек ойындарын өте белсенділік көрсетті. Ата-аналар асық ойынының бесатар, қалашық, шертпек, бес кеней, зерек, үш асық, үш бас, асық шерту т.с.с. бірнеше түрінен көрініс көрсетті.
№ 11 «Гауһар» балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Әмірханова Айнұр Амангелдіқызының арнайы шақыруымен Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі Фарида Аманбаева, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Мақсат Есенбекұлы, Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми дене тәрбиесі орталығының профессоры Бекболат Аманжолұлы, №96 балабақша меңгерушісі Баймусаева Күлдархан Назымханқызы, Амантай Динара Мұратқызы іс-шараға қатысып, ұлттық ойындарға байланысты өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын Оқу Ағарту министрі Ғани Бектайұлына тапсырды. Бұй жай тапсырма емес, ұлттық құндылықтар мен салт-сананы жаңғыртатын ұғым деп қабылдаған дұрыс. Жергілікті жерде не атқарылмасын басы-қасында әкімшілік не басқарма болатыны хақ. Бүгінгі іс-шарада Астана қаласының Білім басқармасына қарасты “Әдістемелік орталығы”, Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Көшен Құндыз Слетақызы осы жерде болды.
АСТАНА
БІЛІМ АЙНАСЫ
Сіздерге ұнағанына қуаныштымын