Home » Жаңалықтар » Астанадан сөйлеп тұрмын…

Астанадан сөйлеп тұрмын…

    2017 жылдан бері оқу орындарының қызметін сырттан бақылау мақсатында, Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 355 бұйрығы шыққан. Одан бері өтпелі-төкпелі уақыт өтті. Бүгінде ол заң қайта жаңарып, ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 № 56 бұйрығымен қайта жаңарды.
Онда “орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі” бар. Сол құжатқа сүйене отырып Астана қаласының Білім басқармасына қарасты Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде осы заңның 3-тарауын орындалу барысын байқап қайттық. Тарауда айтылған: Қамқоршылық кеңестің функцияларының 11) бабындағы: “санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, ішу режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады” бағыты бойынша мекеме асханасының жай-күйімен таныстық. Қасымда ата-аналардан құралған бракераждық комиссия мүшелері және гимназия әкімшілігінің өкілдері болды. Күнделікті мәзірдің жоспарға сай, не сай емес жасалуын, сақталу мерзімінің болуын, асхананың тазалығы мен санитарлық жайдайын бақыладық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.