Білім беру саласы бойынша PhD, Республикалық «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызымен кездестім. Ұлттық білім академиясы білім беру бағытындағы көшбасшы мекеме деуге болады. Мадина ханымның айтуынша, білім саласының қара шаңырағы Ұлттық білім академиясының бүгінде жауапкершілігі мен қызметі едәуір артқан. «Оқу үдерісіне бағыт бергенде перзенттік парызын білуге, ар-ұят құндылығын сақтап, құрметтеуге және ұлттық мүддені қорғауға бағытталады» дейді. Олай болса біздікі не тұрыс? Ел руханияты мен біліміне, тәрбиесіне қызмет жасап жүрген тұлғалар мен Ұлттық білIм академиясы туралы бұдан былай жиi мақалалар жазып, сюжет түсірIп тұруды да назарға алдым.
BILIM AINASY
Астана
Қуантай Амантайұлы