Home » Жаңалықтар » «Алматы жасыл бақ»

«Алматы жасыл бақ»

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Алатау ауданында орналасқан №148 бөбекжай-балабақша ұжымы «Алматы жасыл бақ» атты акциясы өткізді.
Мақсат балалардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру болатын.
Шара барысында балабақша ұжымы ағаштардың түптерін қопсытып, балабақша ауласын әртүрлі бояулармен әрлендіріп, ауладағы саябаққа гүлдер отырғызылды. Тәрбиеленушілердің ата аналары келіп, балалармен бірлесе отырып, «Туя»(ескірген. Туя, Тірі ағаш) (лат. Thúja) — кипарис тұқымдасына жататын гимноспермді қылқан жапырақтылар тұқымдас ағаштарын отырғызып, тәрбиешілермен бірге еңбекке ат салысты. Балалар ата аналармен бірге ағаштарды отырғызуда қолғабыс жасап, қуана жұмыс жасады. Балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, танымын көкжиегін кеңейтуге осындай іс шаралар зор үлесін қосады деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы Алатау ауданы
КМКҚ ,,№148 бөбекжай-балабақша
әдіскері Мустафинова Жазира Султанқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.