Астана қаласы мен қонақтарына «Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті» сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.
Кеңес беру үдерісі жанды кезек арқылы жүретін болады.
Тұрғындар заңды кеңесті 2024 жылдың 29 шы сәуірінде сағат 15:00 мен 18:00 аралығында «Сарыарқа» сауда орталығында ала алады.
Кеңесшілер ретінде заң кеңесшілер палатасының өкілдері, адвокаттар алқасының, нотариалды палатасының, жеке сот орындаушылар палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері болады.