Сабақ өткізу өзіндік шеберлікті талап етеді. Әр ұстаз оған өз тапқырлығымен, ұтымды шығармашылық жолымен келеді. Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Бостандық ауданының №94 мектеп-гимназиясында «Пәнаралық байланыс мотивацияны арттыру құралы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен оқу орындарының базасында сегіз құзыретті орталық ашылған болатын. Солардың ішінде №94 мектеп-гимназиясы Бостандық ауданы бойынша бастауыш мектептердің құзыретті орталығы ретінде бекітілген. Бүгінгі семинар құзіреттілік орталығы ретінде аудандық мектептерге шеберлік көрсету бағытында болып отыр. Семинарға мектеп директорлары, бастауыш сыныптарға жетекшілік ететін директордың орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері шақырылыпты.
Келген қонақтарға қонақжайлық таныту мақсатында қалалық және республикалық байқаулардың лауреаттары Имашев Батырхан мен Қожемқұлов Матиас «Балалықтың арманы» атты дуэт орындап берді.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №94 мектеп-гимназия директоры А. Ботабекова, «Бүгінгі іс-шара орталықтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Басты мақсатымыз, әрбір педагогтің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттырып, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Өздеріңіз білесіздер біздің құзыреттік орталығымыз ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасап келеді. Мектебіміздің жас мамандарына білім мен тәжірибе жинақтаған ашық сабақтар топтамасы жоспарланып өткізілді. Осы ашық сабақтар мен семинарымыз бір тақырыппен байланысты. Ақпан айында 4-ші сыныпта «Айналамыздағы пайдалы қазбалар» тақырыбында сарапшы мұғалім кіріктірілген сабақ өткізді. Наурыз айында сарапшы-педагог С. М. Тысевич жас мамандарға көмек көрсету мақсатында «Екі қадаммен есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған орталықтың қызметі жаңғырту жағдайында заманауи білім сапасына қол жеткізу бағытында жасалып жатыр» деді.
Ұстаздар қаумы сегіз қырлы бір сырлы ғой. Бастауыш сынып мұғалімі Тондыбай Мадина Тондыбайқызы семинардың ашылу құрметіне «Біздің мектеп» әнін орындады.
Білім беру бойға сіңген табиғат,
Қош келдіңіз, әріптестер, мархабат.
Ұжым біздің Абдрашитқызы басқарған,
Біздің жұмыс 94— тен басталады.
Қайырмасы:
Біздің мектеп, бізді әркез жақтаған,
Біздің мектеп, бізді әркез мақтаған.
Мектебімнің биік болсын тұғыры,
Мықты ұстаз шәкірттермен мақтанады.
Мектептің сәні сабақ. Қонақтар топ-топтарға бөлініп сыныптарға кірді. Онда бастауыш сынып мұғалімдері: М. Ж. Сариева, А.Ж. Байдрахымова , Е.С. Симонова, Ж. С. Оспанбекова, сондай ақ химия пәнінің мұғалімі, М. Е. Төлендина, физика пәнінің мұғалімі, К. Б. Жақып, орыс тілі пәнінің мұғалімі, Ш. Р. Ниязгулова, география пәнінің мұғалімі, Г. Н. Сұлтанова ашық сабақтарын көрсетті. Бастауыш сыныбының ұстазы Байдрахымова Арайлым Жақсыбекқызының «Судың қасиеті» тақырыбында Стем-сабақ формасы арқылы жаңа тақырыпты таныстыру және меңгеру түрін көрсетті. Ондағы оқу мақсаты Оқу-ағарту министрлігінің стандарты мен бағдарламасына сай 3.1.4.2. сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану;
3.2.3.1. Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау. Бағытын меңгеру жолында жасалғаны көрініп тұр. Олай дейтініміз, шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды. Бұл жоғарыда айтқан 3.1.4.2 мен 3.2.3.1 цифрлы белгіленген міндеттерді ашу мақсатында алынып отыр.
«Тиімді әдіс-тәсіл – сапалы сабақ кепілі» дейді мектеп-гимназия директоры Айгүл Әбдрашитқызы. Сөз төркіні сабақтың шеберлігіне бұрылды. Бастауыш сынып мұғалімі: А. Ж. Советбаева мен А. Т. Сламқұлова бастауыш сынып пәндерін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдерді тиімді орындауға болатын шеберлік сағатын көрсетті. Қонақтарды сергітіп алу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері А. А. Советбай және А. А. Аманбай ойын тренингін жасады. Семинар соңында 3-5- сынып оқушылары «Қазақстан – нұрлы әлемім» хорын орындады.
Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бинегүл Күнтуқызы Тасмағанбетова, «Мен қатысқан ашық сабақтарда №94 мектеп-гимназиясының үздік мұғалімдері көрсетті. Олардың ішінде бастауыш сынып мұғалімі Оспанбекова Жанна Сейілханқызы мен география пәнінің мұғалімі Сұлтанова Галина Николайқызын ерекше айтар едім. Ол кісілердің сабақтары қызықты және тартымды болды. Байқағаным балалары жақсы белсенділік көрсетіп отырды. Бұл мұғалімдердің жоғары кәсібилігі мен шеберлігі деп білемін. Семинарда қолданылған әдіс-тәсілдер бастауыш сынып мұғалімдерін әрі қарай жұмыс істеуге шабыттандырды деп ойлаймын. Барлық ұстаздарға және осы ұжымға шығармашылық табыс тілеймін» деп ағынан жарылды. Ал, Алматы қаласы Бостандық ауданының №60 мектеп-гимназия директоры Әбуова Шынар Бөгенбайқызы, «Сәлемдесуден бастап, кәдесый ретінде түсірілген суретке дейін бәрі ойластырылған және бәрі бір тақырыпқа сай болды. Семинарды жақсы ұйымдастырып, интерактивті формалар арқылы жоғары кәсіби деңгей көрсетті деуге болады. Барлық ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы пәнаралық байланысты көрдік. Бастауыш сынып мұғалімі Оспанбекова Жанна Сейілханқызы жанымызда орналасқан пайдалы қазбаларға тоқталды. Оны өмірмен байланыстырып, сабақты қызықты әрі тартымды өткізді. Тағы да бір байқағаным, Г. Сұлтанова, Е. Симонова, Елена Сергейқызы жоғары білікті мықты ұстаздар екенін көрсете білді. Мектепке табыс, ал ұстаздар қауымына жарқын жаңа идеялар тілеймін» деді.
«BILIM AINASY»
Алматы
Жарайсыздар 👍
Керемет! Жарайсыздар!
Молодцы! Отличный состав учителей 94 гимназии
Учителя школы-гимназии 94 показали свое педагогическое мастерство. Семинар прошел на высшем уровне. Молодцы! Так держать!!! Всегда идти вперёд, дерзать! Наша школа — самая лучшая! Наш коллектив достоин высоких наград!