2024 жылдың 17 сәуір күні
№129 бөбекжай-балабақшасында «5 жастағы балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты профессорлық — оқытушылық құрамының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне ұйымдастырған курсына семинар өткізілді. Балабақша меңгерушісі
Беспаева Г. Т. келген педагогтерге балабақша туралы қысқаша мәлімет беріп, семинарды ашып берді.
Семинар барысында
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Педагогика және пәндік әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, модератор — Маханбетова Агима Абиловна сөз алды.
— Біздің ең басты мақсатымыз: қазіргі заман талабына сай тәрбиешілердің біліктілігін арттыруда, олардың барлық зерттеру әдістерін өзара ықпалдасу арқылы меңгеруіне, педагогикадағы зерттеу бақылауының мазмұнын тану үшін міндетті түрде тікелей бақылау мен сырттай бақылауды зерттеуші жетекші ретіндегі өздерінің іс-әрекеттерін бала іс-әрекетімен байланыстыра білуді үйрету мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шара. Біздің бүгінгі іс-шара барысында тыңдаушылармен байқаған жетістіктеріміз — ол тәрбиешілердің өзара бірлескен қарым-қатынасындағы өзара ұжымның психологиялық дайындығы, іс-шараны өткізу барысындағы жауапкершілік сезімдері ұнады. Іс-шараның деңгейлік барысы өте жоғары болды деп айта аламын. Сондықтан болашақта №129 бөбекжай-балабақшасы ұжымына табыстар тілейміз. Қоғамның болашағы балаларымыздың тәрбиесі мен білімін дамытуда тек қана жаңа идеялармен, жаңашыл бастамалармен жұмыс жасай берулеріне тілектеспіз, — деді.
№129 бөбекжай- балабақшасының психологі Сахарханова Р. С.
«5 жастағы балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Не үшін біз 5 жастағы балаларға қолдау көрсетуіміз қажет?
Себебі, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарда жас дағдарысы әрбір баланың дамып өсуінде пайда болатын қалыпты құбылыс.
Психологияда бұл термин «жаңаға көшу», баланың әлем туралы түсінігі — үлкендерше қабылдауы екендігін атап өтті. Балабақша әдіскері Ахметова У.С. балабақша педагогтері туралы мәлімет берді. Педагогтердің санаты бойынша балабақшада 6 педагог- зерттеуші,
3 педагог-сарапшы,
8 педагог-модератор, жоғары санатты
1 педагог, бірінші санатты 3 педагог, екінші санатты 2 педагог бар.
Алматы кітап баспасының авторлары: Ахметова У.С., Кумарбаева А.А, «Аппликация 5+», Жумагалиева С.Т., Берімбет М.Ж. «Қоршаған ортамен таныстыру 2 +» тақырыптары бойынша ойларын ортаға салды.
Атамұра корпорациясының авторлары: Сахарханова Р.С. және Жумагалиева С.М. «Сөйлеуді дамыту 3+» бағытында өз пікірін білдіре кетті.
Сонымен қатар курс педагогтерімен іскерлік ойын ұйымдастырды.
Көшекбаева М.А. асық терапиясы тақырыбында мектепалды «Балдәурен» тобында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті, ал Нугманова Б.Т.
«Мектепалды даярлық тобының
ата-аналарына педагогикалық-психологиялық — қолдау» тақырыбында коучинг ұйымдастырды.
Семинар соңында осы іс-шараның жоғарғы дәрежеде өтуіне себепкер болған балабақша меңгерушісі Г.Беспаеваға келген педагогтер риза болып, рақметін айтты. Бала жанының бағбаны болып отырған №129 бөбекжай-балабақшасының ұжымына бізде толағай табыстар тілейміз.
“BILIM AINASY”,
Алматы қаласынан,
Ерке Уахитова