Биылдан бастап Мемлекет басшысы елдің барлық өңірінде Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді ұсынды. Арнайы мерекелік логотип бекітіліп, Наурыз мейрамы 10 күн тойланатын болды. Ал, онкүндікті – «Наурызнама» деп атадық. Бүгін, яғни, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні» аталды.
Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза»дегендей ,қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,аялы алақанын тосып,жүрек жылуын ұсыну,сауабы мол іске ат салысу — әрбір жанның азаматтық парызы. Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры қатар жүретін қатігез өмірдің басты тірегі. Адамдар бір бірімен қайырымдылық,мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Осы орайда,аталған ұранмен «Қамқорлық» қайырымдылық жәрмеңкесі жоспарланып,бұл күнді мейірімге тола күн болсын деп,мектебімізде «бір қол,бір жең» болып ұйымдасқан түрде өтті. Жәрмеңкенің басы қасында болған 7-сынып білім алушылары мен сынып жетекшілері өз жауапкершілігіне алды.
Шараның басты мақсаты — Оқушылардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту,игі істер жасауға дағдыландыру,адамгершілік қасиетті бойларына сіңіру. Бір — біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға баулу.Жәрмеңкеде арзан бағада тәттілер,пісірмелер,қол өнер бұйымдары т.б қосымша безендірілген заттар сатылды.Барлық оқушы жұмыла кіріскен жәрмеңке дүниелері әп-сәтті ақ өтіп кетті.Өз істеріне көңілі толып,мәз болған балалар қаражаттың басын қосып,жетекшілерімен бірге ұйымдастырушы қорына тапсырылды.Сол күні мектеп алдында соғылып жатқан «Тұрғын үй» кешені жұмыскерлеріне түскі ас мәзірін алуды ұйымдастырды.Мейіріммен ұсынылған қамқорлық істеріне алғыстарын айта түсті.Түскен қаражатқа мектебімізде әлеуметтік есепте тұрған отбасылық мұқтаж жандарға арнайы барып,азық-түлік,керек-жарағын алып берді.
Аталған іс-шара аясында біздің білім ордасына алғысын білдірген ата-аналар көңілі мен қуаныштары бақытқа бөледі Мейірімділік жүрекпен жасаған жақсылыққа ризашылығын білдіруде. Сөз соңында айтарым, қайырымдылық жасауға барлығымыз асығып, жақсылық жасаумен жарысайық. Қайырымдылық жасауға үлкен дүниенің керегі жоқ, тек мейірімге толы жүрегіңіз болса, болғаны.
Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім-деп атап көрсеткендей рас-ау. Қоғам бар жердің бəрінде ынтымақтасу болатындықтан, қайырымдылық та болады.Әрбір жанның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымы әрқайсымыздың бойымыздан көрінсе абзалырақ болар еді.Адамгершілікті биік ұстап,көкірегі қаяулы жандарға азғантай болса да қол ұшын беру-бізді қуантты.Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…
Маратова Айғаным, 10 «Ә» сынып оқушысы
Өзін өзі басқару ұйымының Президенті
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
208 мектеп-гимназия