Home » Жаңалықтар » Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!

Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Түрксіб ауданындағы №170 жалпы білім беретін мектебінде “Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!” тақырыбында    қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің  онкүндігі салтанаты түрде ашылды.

Ашылу салтанаты мектеп директоры Тастанбекова Гулнар Молдабекқызының кіріспе сөзімен басталды.
Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй ойнады, ару қыздар мың бұралып би биледі. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі  ұлықталып, тілге құрметті ұлттан бастаған бірлестік мұғалімдері қазақилық танытып шашу шашты.

Онкүндіктің ашылуымен қоса мектеп қабырғасында “Әдеби кафенің” салтанатты ашылуы өтіп, лентасы қиылды. Бұл “Әдеби кафенің” ерекшелігі   тек ұлттық тағамдарымыздан тұратын жағдай жасаған.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің онкүндігі бірнеше кезеңдерден тұрады және 19-наурызға дейін жалғасады.
Аталған он күндіктің ұйымдастырушылары —
Сулейменова Гульмира Нурмухановна,
Жумадилова Альбина Асхатовна,
Даркенбаева Биби-Асия Даркенбаевна,
Исмаилова Айнисям Масимжановна еңбектерін атамай кетуге болмас.
Ұлттық киімдерімізді ұлықтау, мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуді өздерінен бастаған ұстаздардың ұлттық нақыштағы киімдері бірден көзге түсті.
Мектеп оқушылары әдемі оюы бар жилет пен қамзол кие бастаған.
Этно стильдегі киім киген оқушылар мен ұстаздарды көргенде көз сүйсінеді. Бұл әрбір баланың ұлтына деген патриоттық рухын, мақтаныш сезімін оятары анық.

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі Сулейменова Гульмира Нурмухановна өз сөзінде:
—Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Және де құрметтеуіміз керек! Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу,
ардақтап құрметтеу. Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы — деді.

«Өз тілінде сөйлейтін, өз тілінде жазатын адамдардың ұлты ешқашан жоғалмайды. Ұлттың сақталуы немесе жоғалуы үшін ең күшті фактор — бұл тіл. Тілді жоғалтуымен қатар, адамдар өздері жоғалады. Басқа ұлтты өз халқына қосқысы келетіндер, ең алдымен, бұл ұлттың тілін құртуға тырысады», мен ұлы жазушы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен толық келісемін. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудің қажеттілігі бүгінгі күннің Қазақстандағы басты міндеттердің бірі болып табылады.
Ал осы мақсаттардың орындалуы ерте жастан, яғни мектеп табалдырығынан басталуы керек. Бұл ретте №170 жалпы білім беретін мектебі жүйелі жұмыс жасап жатыр деп айта аламыз.
Мектепте өзге ұлт өкілдері оқитындықтан тілге, ұлтқа деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық тәрбие беру мақсатында әр жұма  “қазақ тілі күні” деп белгіленген екен.
Бұл күні әр мұғалім, әр оқушы мектепте міндетті түрде қазақша сөйлеуі қажет дейді.

Оқушы бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілі арқылы жасалған ойдың кестелі өрнектеріне үңілтіп, ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға,шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып,білім сапасын тереңдетіп,  мемлекеттік  тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге,  Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету-біздің басты міндетіміз дейді мектеп ұжымы.

Bilim Ainasy,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.