Home » Балабақша » Балабақшада ерекше балалармен жұмыс жақсы атқарылуда

Балабақшада ерекше балалармен жұмыс жақсы атқарылуда

Алматы қаласы Думан ықшам ауданындағы  №166 бөбекжай-балабақшасында ерекше білімді қажет ететін балалармен әртүрлі ойын-түрі форматында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балабақшада психологиялық, медициналық,педагокикалық консультация қызметі тексерісінен өткен 40-қа жуық ерекше бала бар.

 

Мұның бірден бір себебі — тұқым қуалау, аяғы ауыр кезінде ананың күйзеліске түсуі, үшіншіден, дәрі-дәрімектерді қабылдауы, балалармен кері-байланысқа түспеуі, баланың қорқып қалуынан болады. Сондай-ақ, баланың дамуына ұялы телефонның да зияны жетерлік. Балбақшаның мақсаты – ерекше балалармен жұмыс жасап, нәтиже шығару. Осыған байланысты балабақша меңгерушісі Роза Маййданқызы ерекше білімді қажет ететін жаңа заманауи талаптарға сай қамтамасыз етілген «Бақытты мекен» логопед бөлмесін ашқан. Онда баланың даму қабілетіне арналған әртүрлі жаңа технологиярды қолданылады. Мысалы, интерактивкті, спорттық-сауықтыру ойындары, математикалық материалдар, тыныс алу жолдары, нейро жаттығулары,балансир массажер, балансир тақтасы, орто кілемше және электрондық кітапханалар қарастырылған.
Сонымен қатар, балабақшада гипербелсенді балалармен жұмыс жасау кезінде келесі терапия түрлері пайдаланылады. Мысалы, арт, қуыршақ, музыка, ойын, құм терапиялары, массаж жасайтын және дыбыс шығаратын зондтар әдіс-әсілдері қолданылады.
Ұлы ақынымыз М.Жұмабаев «Мен дәрігерден гөрі тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойыңды сауықтырады» деген. Ұлт болашағы — ата-анамен тәрбиешілердің мойнындағы үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті №166 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері жақсы атқаруда.

«Bilim ainasy»,
Қайсар Хасенұлы,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.