Home » Жаңалықтар » Ақын – елдің ардағы

Ақын – елдің ардағы

Кітап – халықтың рухани қазынасы, адамзат баласының сан ғасырлар жинақтаған білімдер жиынтығы. Кемелденген қоғам мүшесін қалыптастыруда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, тұлғаны дамытуда кітап оқу мәдениетін, үздіксіз оқу дағдысын қалыптстырудың маңызы зор. Сондықтан да кітап оқу мәдениетін дамыту бүгінгі адамзат қоғамында кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Президент Қасымжомарт Тоқаевтың: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген пікірі де оқу мәдениетін дамытудың халықтық көлемдегі маңызын айқындап тұрғандай.
Осы негізде біздің Алматы қаласы Наурызбай ауданы «№15 Санаториялық мектеп-интернат» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Жакеева Шынар Серікқанқызының жетекшілігімен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Наурызбай ауданының мектеп кітапханашыларына арнап, «Ақын – елдің ардағы» атты тақырыпта кездесу кешін ұйымдастырды.
Кештің мақсаты – өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шараға Наурызбай ауданының мектеп кітапханашылары және білім ордамыздың басшылары, ұстаздары, оқушылары қатысты.
Кездесу кешке ақындар: Қазақстан Жастар одағы сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Әлібек Шегебай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Саят Қамшыгер, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, жас ақын Бауыржан Әліқожа қонақ ретінде шақырылды.
Кеш барысында мектеп-интернат директоры: Тастанбекова Раушан Саттарханқызы алғы сөз алып, тағылымы терең, келешек ұрпаққа берері мол шығармашылық кештер өз жалғасын табатынын жеткізді. Мектеп-интернатымыздағы домбыра үйірмесінің оқушылары күмбірлете күй шертіп, би билеп, келген ақындардың туындыларынан өлеңдерін оқып, сөздеріне жазылған әндерін Әлібек Шегебайдың «Әке арманы», Бауыржан Әліқожаның «Батырлар ұраны», «Әке-ана» әндерін орындап, башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың шығармасын қазақ тіліне аударған Саят Қамшыгер ағамыздың «Тастамашы, ана!» әңгімесі желісінде сахналық қойылым көрсетті.
Кездесу барысында кеш меймандары өнер мен шығармашылығына байланысты жолданған бірқатар сауалдарға жауап беріп, өз тілектерін де айтып өтті.
Шара соңында директордың оқу жөніндегі меңгерушісі: Ктапиянова Жанар Қойшыбаевна сөз сөйлеп, кездесуге арнайы уақыт бөліп келген ақындарға рақметін айтып, шығармашылық сәттілік тіледі. Өз кезегінде ақындар іс-шараны ұйымдастырушыларға және оқушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

Жакеева Шынар Серікқанқызы,
Алматы қаласы  Наурызбай ауданы,
№15 Санаториялық мектеп-интернаты
кітапхана меңгерушісі

8 комментариев

  1. Айгерим

    Өте Керемет!

  2. Салтанат

    Өте керемет!

  3. Майгуль

    Moldabekova.1971@mail.ru

  4. Майгуль

    Өте керемет. Табысты бол

  5. Өте тамаша!

  6. Гульмира

    Тамаша жаналык!

  7. Бәрекелді!

  8. Жақсы , жақсы , тағы жақсы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.