Бүгінде елімізде ұлттық білім беру саясатында елеулі өзгерістер орын алуда. Білім беру жүйесі қоғамдық даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану бағыты бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
2023 жылдың қараша айында «Алматы мектептері бағдарламасы» бойынша Алматы қаласының 50 мектеп басшылары Эстония, Финляндия елдеріне тағлымдама алу мақсатында сапар шегіп, көптеген іс-тәжірбиелермен танысты.
Аталған бағдарлама аясында құзыреттілік орталығының «Педагогикалық шеберлік» бағыты бойынша №29 жалпы орта білім беретін мектеп — жетекші мектеп ретінде табылған. Жақында осы мектепте «Заманауи білім берудегі инновациялық тәсілдер» тақырыбында семинар өткізілді.
Шара барысында заманауи технологияларды қолдану, оқыту әдістемесін өзгерту және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу сияқты инновациялық тәсілдердің әртүрлі аспектілері қарастырылды. Оқу жүйесіндегі жаңа инновацияларды енгізу кезінде артықшылықтарымен кемшіліктері талқыланды.
Семинарда мектеп директоры Алия Аблашова: «Білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдер заманауи педагогика мен білім беру реформаларының негізгі аспектісін білдіреді. Кез келген педагогикалық технология философиялық тұрғысынан қаралуы тиіс. Осыған орай, мектебімізде озық тәжірбиелі, жаңашыл, креативті, ізденімпаз мұғалімдердің іс-тәжірбиесін тарата отырып, инновациялық оқу үдерісін меңгерген оқушылармен топ құрып, бірлесе жұмыс жасалынуда. Мысалы, 22 ақпан күні аудан мектептерінің ұстаздарына арналған шеберлік сағаты подкаст түрінде өтті. Қазіргі кезде мектеп оқушыларымен арнайы әртүрлі тақырып аясында подкаст жасалынып жатыр. Біздің басты ұстанатын қағидамыз білім сапасын жақсарту, өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді жұмыс жүргізу, шаралар жоспарлау, кәсіби дамуға үнемі ізденісте болу керек. Білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу орны да маңызды, оның нәтижесі сапалы жақсы болуы тиіс. Себебі, инновациялық қызметпен айналысу, инновациялық белсенділікті дамыту, маңызды, жаңа, назар аударуға тұрарлық нәрсе жасау арқылы мұғалім шығармашылық тұлға ретінде дамиды», -деді.
Мектеп директорының орынбасары Ернұр Сембеков «Қазіргі білім берудегі инновациялық тәсілдер» тақырыбында айтып, білім беру секторындағы әлемдік мегатрендтердің әсерін атап өтті.
Семинарда инновациялық тәсілдер арқылы білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгертулерге әкелген елдердің табысты тәжірибесі мен мысалдары көрсетілді. Мысалы, мектепте оқушыларға мотивация ретінде телеграм каналы іске қосылған. Ол жерде оқушылар пән аралық подкастарды жүргізеді. Сонымен қатар, мектепте орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері Бегалиева Светлана Турановнамен Аюпова Гүлчехрам Тойгуновнаның ұйымдастырылуымен үш тілде мектеп театры жұмыс жасайды. Қойылымдарда қоғамда, оқушылар арасында орын алатын өзекті мәселелер көрсетіледі. Мысалы, буллинг,троллинг. Театрдың мақсаты – мектеп оқушыларын қойылым арқылы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеу.
Сондай-ақ, семинар аясында «Қазақ тілі сабағындағы ойын элементтері», «Арифметическая и геометричесая прогрессии применение жизни», «AR и VR –технологии: 3D мир», «Биогеография — наука о распространении живых организмов по материкам» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өтті.
Мектеп мұғалімдері «Интеграция подкастов в общеобразовательный процесс: новые возможности для учителей» атты шеберлік сағатын подкаст форматында жүргізді. Подкастқа семинарға келген мектеп директорлары да қатысты.
Өз өнерлерімен мектеп театрының жас әртістері көрермендері ерекше қойылымдарымен тамсандырды. Қойылым «Күлше қыз» ертегісіндегі буллинг тақырыбы бойынша орыс-ағылшын тілдерінде көрсетілді.
Семинар соңында Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы, Сапарова Ағайша Амировна: «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі − әлеуметтік бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Қоғамның осы даму кезеңінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға әдістемелік және проблемалық-бағдарланған инновацияларды оқыту процесіне енгізу арқылы қол жеткізуге болады»,- деп, білім беру саласындағы инновациялық әдістерді қолданудың маңыздылығы туралы сөз қозғады.
Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси- экoнoмикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жoғары бoлса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болмақ. Осы орайда, мектепте өткен «Заманауи білім берудегі инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы семинардың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы