Наурыздың 5-інде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданындағы № 76 бөбекжай-балабақшасында өңірлік семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату болды.
Семинар шымылдығын Оқу-ағарту министірлігі балаларды ерте дамыту институтының маманы Гүлнар Мукушева ашты. Шараға өңірлік білім басқармасының жауапты мамандары, облыстық, қалалық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым басшылары, тәрбиешілер мен педагогтер қатысты.
Семинарда тәжрибе алмасу бағыты бойынша біраз жұмыстар назарға ұсынылды. Ұйымдастырылған іс -әрекетте денсаулық сақтау технологиясын тиімді пайдалану жолдары кеңінен талқыланды.
Екі сағатқа созылған семинарда әр қатысушы өз жобаларымен таныстырып, сұрақ жауап арқылы тақырыпты жан-жақты талқылады. Инновациялық өнімдер жәрмеңкесі, балалардың танымдық қабілеттерін квест ойындары арқылы дамытудың ерекшеліктері, балабақшада ұлттық қолөнерді дамыту, ғажайып тақырыптар бойынша іс-тәжрибе алмасты.
Жиын одан әрі пленарлық отырыспен жалғасты.
«Bilim ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы