Жуырда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №126 бөбекжай-балабақшасында “Мақал сөздің азығы, Жұмбақ ойдың қазығы” атты ата-аналардың қатысуымен ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікте қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болған — әжелер балаларға мақал-мәтелдердің
мән-мағынасы мен құндылығын түсіндірді.
Шара барысында балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жұмбақтар шешті. “Тақия тастамақ” ұлттық ойын ойнатылып, өлеңдер оқылды. Мың бұралған бишілер тобы “Домбыра», “Қамшы” билерін биледі. Ертеңгіліктің соңында әжелердің бірі балаларға және балабақша ұжымына ақ батасын берді.
-Тәрбие ұғымының түп-тамырына үңілсек, ұлттың рухани құндылықтарына берік орныққандығын аңғаруға болады. Сол құндылықтарымыздың бірі-мақал-мәтелдер мен жұмбақтар.
Бүгінгі ертеңгілігіміздің де басты мақсаты — бала бойына ұлттық рухты, асыл сөздерімізді сіңіру. Осы шараға ат салысқан ата-аналарға, тәрбиешілерге және барлық ұжымға алғыс білдіремін, -деді шара соңында балабақша меңгерушісі Қарлыгаш Казкеновна.
«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы