1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы “Балапандар” бөбекжай-балабақшасында іс-шара өтті.
Іс-шара барасында тәрбиеленушілер шаттық шеңберін құрып,
бір-біріне ізгі тілектерін өлеңдермен жеткізді.
Әуелетіп ән айтып, биді де биледі.
Сондай-ақ аналарына алғыс айтып, гүлдер тарту етті.
—Балабақшаға бала тек таңда келіп, кешке қайтпау қажет. Балабақша -баланың болашағы. Сондықтан тек мереке кезінде емес, әр күн сайын ата-анасын сыйлап, алғыс айтуға тәрбиелеуміз керек. Үйде ата-ана, балабақшада тәрбиешілер дұрыс тәрбие берсек, балапандардың заңғар тұлға болары анық, — дейді тәрбиеші Елназ Тұрсынғалиқызы.
Шара балабақша меңгерушісі өзі қорытындылады. Балабақша ұжымына және ата-аналарға алғысын жеткізді. Ашық микрофон айдарында ата-аналар тәрбиешіге осындай кеш ұйымдастырғаны үшін өз алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді.
«Bilim Ainasy»,
Ақерке Амангелдіқызы,
Алматы қаласы