Бүгін, 29 ақпанда Алматы қаласы Алатау ауданындағы №148 бөбекжай-балабақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды.
Балабақша тәрбиешілері «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерін мерекеге жан-жақты дайындаған. Кішкентай қыздар мың бұрала би билеп, аналарына арнаған өлеңдерін оқыды.
Сахна төрінде бүлдіршіндер сомдаған «Үш ана» атты көріністері әдемі де әсерлі шықты.
-Балабақша қабырғасында осындай тәрбиелік мән мағнасы мол көріністер бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіреді деп ойлаймыз. Басты мақсатымыз — осы. Балалардың бойына анаға деген құрметті қалыптастыру, жалпы үлкенді сыйлауды үйрету. Біз тәрбиешілер жиі осындай әдісті қолдануға тырысамыз. Көрініс арқылы бала тез жаттайды, ұғынады. Барымызды салып, балаларымызды тәрбиелеуде өз үлесімізід қосып келеміз,- дейді тәрбиеші Гүлбану Іздібаева.
Кішкентай бүлдіршіндердің шын жүректерінен тебірене шырқаған әндерін тыңдап, тамаша көрініске куә болған ата-аналардың қуанышында шек болмады. Олар да бүгінгі шарадан алған әсерлерімен бөлісті.
-Бүгінгі шара өте керемет көңіл күй сыйлады. Кішкентай балапандарымыз осынша сый-құрмет көрсетеді деп ойламадым. Балаларды дайындап, оларды осынша деңгейге жеткізу оңай шаруа емес. Сондықтан мен тәрбиешілерге, жалпы балабақша меңгерушісі Рая Заданқызына алғыс айтамын,-деді Назерке есімді ата-ана. Бұл мерекегеден әкелер де қалыс қалмаған. Аналарға арнап, Нұрлан Тәкебаев ән шырқады.
«Bilim Ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы
Керемет қойылым😍😍😍
Ең керемет 161 лицейдің ұстаздары, өз пәнінің алғырлары, Әрбір оқушының тәрбиелі, білімді, қоғамда белсенді болуына атсалысып, баса көңіл аударып жүрген, ұстаздарға, 161лицей басшылығына көп рахмет!!!