Алматы қаласындағы N177 жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналардың қатысуымен 5-сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл тәрбие сағатында ата-аналар мұғалім рөліне еніп, оқушыларға ата-ана қадірі, бала тәрбиесі жайында әңгімеледі. Сондай-ақ тәрбие сағаты барысында балаларға түрлі ойындар ойнатылды, фильмнен үзінді көрсетіліп, оқушылар оған қатысты ойларын айтты.
«Bilim ainasy»
Есен Елекен,
Алматы қаласы