Бүгінгі ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану — қазақтану болмақ. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру; оқушыларды сөздің төркінін түсініп орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту; шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу, бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағұлмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту мақсатында №198 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары «Аталар» клубымен бірге «Ата сөзі – ақылдың көзі атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып өткізді.
«Қарты бар үйдің — қазынасы бар», — деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя шынында қазыналы, берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар – иман қашады» деген – қанатты сөздер бар. Өйткені кез – келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат. Үлкен кісілері бар үйде жас балалар зерек, ақыл-кеңеске қанық өседі. Қарттарын құрмет тұтып, ақсақалдарын ардақтай білген елдің баласы, өткенді бағалауға, бүгін саралауға құмар болады. Үлкенге ілтипат көрсеткен жастың өзіде өсе келе сондай құрметке ие болады.
Іс-шара барысында қазыналы қарттар: Хангельды Махмутұлы Абжанов — тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дәркенбаев Қадыр Анапияұлы, Максымханов Асімхан Масымханұлы, Махмутов Абдихамит, Серикбаев Айтбек Кубеевич, Ақбұзауов Дүйсенәлі Бекбергенович, Чоманов Марат Карменович арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушыларымызды ұлттық құндылықтарға баулыды.
Рухани әңгіме айтылып, салт – дәстүр насихатталған игі бастамада көңіл толқытқан сауалдарға жауап алып, тәрбие нышанын құруға кеңес те беріп, оқушылардың тамаша ән шашуымен жалғасын тапты.
Жас ұрпақтың ұлттың дүние танымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орындары ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым – тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады.
Іс – шарада «Ескірмейтін есті сөз» айдары бойынша 7 сынып оқушылары ата-әжесінен, әке-шешесінен ырым – тыйым сөздер айтуда сайысқа түсті. Сонымен бірге дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы мақал-мәтелдер сайысы да қалыс қалмады. Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс табатындығын атап өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, қазыналы қарттарымыз батасын беріп, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Хангельды Махмутұлы Абжанов атамыз мектебімізге рухани азық беретін томдық кітаптарын құнды ақпаратпен мағынаға толы еңбегін табыстап, мектеп ұжымына және балаларға алғысын білдірді.
Іс-шара соңында мектеп директоры Канапьянова Асемкуль Слямбекқызы, келген қонақтарға, ұйымдастырған сынып жетекшілер мен оқушыларға ризашылығын білдіріп, ата ақылымен берілетін, ұлттық қасиетімізді, балалардың бойларына қалыптастыра алатындығын атап өтті.
Мақала авторы: Алматы қаласы №198 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып жетекшілері