Ақпанның 28 жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 120 бөбекжай-балабақшасында «Театр әлемі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін, театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы тілін дамыту, ой өрісін мен дүниетанымын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға балалар мен бірге тәрбиешілер де қатысты. Бірі — қойылмға кейіпкер болса, енді бірі — қуыршақ киімдерін жасауда үлкен еңбек еткен.
— Мен ойлаймын, бала — білім мен тәрбиенің бастауын ең алдымен балабақшадан алады, сондықтан бүгінгі таңда осы бүлдіршіндерді жанжақты дамытуда, тәрбиешілерге «тәрбие беру, сауатты білім беру» деген үлкен міндет жүктеліп отыр. Балабақшамызда көптеген әр түрлі бағытта және танымдық тағлымы мол іс- шараларды жиі өткізіп тұрамыз, тәрбиешілерміз біліктіліктерін арттырып тұрады,- дейді балабақша меңгеруші Сәуле Ахметжанова.
«Театрдың ғажайып әлемі» қалалық IV шығармашылық байқауына қатысып Алатау ауданы бойынша «Алтын сақа» ертегісін сахналаған бүлдіршіндер бірінші орын иеленді. Бүлдіршіндер жалмауыз кемпір кейіпкерімен диалог орнатып, түрлі іс қимылдар мен сөздерін көрермен назарына жететіндей етіп әсерлі сомдаған.
-Біз балаларға театр, әртістік өнер, қойылым қою, сахна туралы түсінік туралы күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетімізде ойын түрінде, қойылым түрінде түрлендіріп өткіземіз. Театр әлемі әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, қиялын дамытады. Тұлға болып қалыптасуда да үлес қосады,- деді балабақша тәрбиешісі Ардақ Каримова.
Шара соңында арнайы безендіріліп жасалған бұрыштар көрсетілді. Онда балаларға жол жүру ережесін үйрену, сонымен қатар тұзды шахта, сенсорика бөлмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ата-аналарға да арнай кітапхана бұрышы қарастырылған.
«Bilim ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы