Жақында Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты КМҚК №184 бөбекжай-балабақшасында «Отбасы құндылығы — тәрбие негізі» атты ұлттық құндылықтар апталығы көп балалы ата-аналар арасында өтті. Апталықтың салтанатты ашылуына Наурызбай ауданының білім бөлімінің бас маманы Мәншүк Сапиевна Зеитова қатысты.
Бағдарламаға сәйкес бірінші күні «Позитивті ата-ананың негізгі қағидаттары» — сайыс-жарысы болды. Екінші күні жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушілер арасында «Асық ату», «Күш сынасу», «Арқан тартыс», «Қыз қуу» сынды ойындар бойынша жарысқа түсті.
Апталықтың үшінші күні ата-аналардың қатысуымен «Мақал-мәтел білесің бе?» тақырыбында сайысы ұйымдастырылды.
Төртінші күндегі іс -шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қол өнері көрмесі өткізілді. Апталықтың қорытынды күні балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтары өз өнерін, шығармашылығын көрсетті.
Іс-шара барысында мерекелік ән-шашу, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен балалар оркестрі және педагогтардың «Балбырауын» күйі және тәрбиешілер хормен «Туған жер» әнін орындады. Ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттау мақсатында сән аруы көрсетілімі көрсетілді. Сондай-ақ, «Ана» қойылымы көрермендерге ерекше әсер етті.
Апталық соңында Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова шараға қатысқан ата-аналар мен, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табыстады.
№184 бөбекжай-балабақшасынының меңгерушісі Жанна Алиакбарова келген қонақтарға алғысын білдіріп, «Отбасы құндылығы — тәрбие негізі» атты ұлттық құндылықтар апталығын қорытындылады.
«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы