Home » Жаңалықтар » Инновациялық тәсілдер арқылы білім ал

Инновациялық тәсілдер арқылы білім ал

Ақпанның 22-сінде Алматы қаласындағы № 94 мектеп- гимназиясында «Оқытудағы инновациялық тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Жиынға білім басқармасына қарасты мемлекеттік техникалық білім беру орталығының әдіскері Локтинова Ольга, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек және «Алматы мектебі» бағдарламасы бойынша оқыту мүғалімдері қатысты.

Семинар шымылдығын мектеп оқушылары «Отан» әнімен ашты. Жиында жасанды интелект жобасы аясында дайындалған жұмыстармен танысып, сабақ түрінде өткен шеберлік сағаты өткізілді. Ұйымдастырушылар семинарға өзге мектептердегі әріптестерін шақырған. №94 мектеп-гимназиясының директоры «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

-Осындай үлкен басқосуда жан-жақты ой түйіндесін, бір-бірімен тәжрибе алмасын деген ниетпен басқа мектептердегі әріптестерімізді шақырып отырмыз. Бүгінгі тақырып инновациялық тәсілдер арқылы білімімізді жетілдіруге тырысамыз, оның ішінде, жасанды интелект оны жан-жақты зерттей келе танымдық бағдарламалар арқылы түсінеміз, оқу процесіне көптеп енгіземіз деген ойдамын. Басты мақсатымыз — білім беру сапасы мен оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, жұмыс тәжрибемізбен алмасу,- деді аталмыш мектеп директоры Айгүл Ботабекова.

№45 мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Друскельдинова семинардан алған нәрселері көп екенін айтты.

-Мұндай семирнарлар бізге қажет, әр мектептің үздік мұғалімдері өз тәжрибелерімен бөлісіп жатыр. Көптеген ақпарат алдық, енді оны өз мектебімізде қоладанамыз. Тәжрибе алмасу деген осы. Бұл семинар мұғалімдер арасынағы жаңа дағдыларды дамытуға көмектеседі, жаңа ақпараттар алып, жұмыс тәжрибесімен бөлісеміз деп білемін ,- деді ол.

Семинар соңында оқытушылар мен оқушылар дайындаған «Жоқ нәрседен жасалған ғажайыптар» атты ғылыми көрме көрсетілді.

«BILIM AINASY»,
Жұлдыз Смаилова,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.