«Жаратылыстану — математика» әдістемелік бірлестігінің 05– 16.02.2024ж аралығында «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбында онкүндік өтті.
Онкүндіктің өткізілу мақсаты: Пән мұғалімдері бір-бірімен іс-тәжірибе алмаса отырып, жас мамандарға түрлі әдіс-тәсілдерді және сабақ құрылымын қалай іске асыру керектігін үйрету болды.Онкүндікке орай бірлестік мүшелері біріге отырып, онкүндікте өткізілетін іс — шаралардың жоспары құрылды және мектептің 1 – қабатында әдістеме бірлестігінің бұрышы безендіріліп, жасалды. Безендіру бұрышына «Жаратылыстану-математикалық» әдістеме бірлестігіне кіретін математика, биология, жаратылыстану, география, информатика, физика және химия пәндерін қамтитын баннер ілінді. Және осы пәндердің белгілері мен әр түрлі математикалық фигуралар қойылды. Шарларға әр пәнді сипаттайтын белгілер ілінді. Сонымен қатар биылғы жыл «Ұлттық құндылықты» дәріптеу жылы болғандықтан, арнайы Қазақ халқының «Киіз үйі» бейнеленген баннер ілінді. Және де әр пән бойынша сабақтардың өтілу барысында халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері қолданылып отырды.
Онкүндік 05 – ақпан күні таңертеңмен оқушылар мен мұғалімдерге түрлі ойындар ойнатумен ашылды. Оқушылар шарларды таңдап жара отырып, сол шардың реттік санына қарай әр пән бойынша берілген қызықты сұрақтарға, жұмбақтарға жауаптар беріп, сыйлықтар алды. Және де 10 – «А» сыныбының ұйымдастыруымен пирамида құрып, ыдыс ішіне кішкентай доптар түсіруге тырысып, тәттілер ұтып алып жатты. Онкүндіктің өтуі кезіндегі атап айта кетер ерекшеліктері: Информатика пәнінің мұғалімі Әбенова Нұрзада үлкен қоңырауда «Көңілді қоңырау «Лабиринт», «Қаламсап», «Кім жылдам»» ойындарын 5-10 сыныптар арасында ойнатты. Ойынға оқушылар өте қызыға қатысты. Барлық пән мұғалімдерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстары жоғары дәрежеде өтті. Әрине «Білетінім бір тоғыз, үйренерім тоқсан тоғыз» демекші, Ұстаздық жол қиын жол. Сондықтан әр мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүруі тиіс және де заман талабынан қалмай, балаларға білім мен тәрбие беруден талмай, жұмыс жасау әр Ұстаздың міндеті, борышы. Жас маман Алшынова Гүлдананың 2 «А» сабағына информатика пәнінен ашық сабағы өз деңгейінде өтті. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспар тақырыбымен дәл. Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, түрлі көрнекіліктер мен әдіс тәсілдерді қолданып, сабағын қызықты өткізді. Әрине жас маман болғандықтан кемшіліксіз болмайды. Болашақта шыңдалсын деген мақсатта, сабақты талдау барысында мұғалімдер тарапынан ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Химия пәнінің мұғалімі Жолжанов Бағдат 7 «А» сыныбына ашық сабақ өтті. Бағдатты өткізген ашық сабағы, сабаққа қатысқан, мұғалімдердің бәрінің көңілінен шықты. Анығын айтқанда сабақтың тақырыбы күнтізбелік тақырыпқа сай, сабақтың құрылымы өте жақсы, сабақ этаптары өте жақсы сақталды, АКТ тиімді қолданды, интербелсенді тақтадан түрлі платформаларды да тиімді пайдаланды, оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы, бәрі мұғалім талабына сай. Бағдаттың сабағының әр этапына бөлген уақыты да дәл шықты. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтары өте жоғары екені көрініп ақ тұрды. География пәнінің мұғалімі Жүнісхан Сұлтанәлі 6 «Ә» сыныбына өткізген ашық сабағы жақсы дәрежеде өтті. Ашық сабақтың тақырыбы күнтізбелік тақырыпқа сай, сабақтың құрылымы өте жақсы, сабақ этаптары өте жақсы сақталды, АКТ тиімді қолданды, интербелсенді тақтадан түрлі платформаларды да тиімді пайдаланды, оқушылармен қарым-қатынасы мұғалім талапына сай. Информатика пәнінің мұғалімі Абенова Нұрзада үлкен үзіліс кезінде 1 мен 4 – сыныптар арасында қаламсап тақырыбында «Көңілді қоңырау» өткізді. Оқушылар өте үлкен қызығушылықпен қатысып, сыйлықтарын алды. Сыйлыққа қаламсап берілді. Онкүндік аясында, 6 «Ә», 6 «Б» сыныптармен, Касымова Б.К және Муслимова А.К өткізген сайыс сабағымен жалғасты. Сайыс сабақ өте жақсы дәрежеде өтті. Оқушылар таласа-тырыса отырып қатысты.Информатика пәнінің мұғалімі Гайненова Альфия Ізбасарқызы мұғалімдерге арналған «Жасанды интелект-жаңа дәуір» атты семинар өткізді. Семинар заман талабына сай, өте тиімді болды. Қатысқан мұғалімдер өздеріне керекті тиімді платформалармен танысып, алдағы уақытта сабақтарында қолданатындарына риза болды. Акымбекова Г.Д. практиканттарымен біріге отырып 9-сыныптар арасында «GeoQuest» сайысын өтті. Мектебіміздің директоры, математика пәнінің мұғалімі Бейсембаева Бибігүл Адыгуловна, 8-сыныптар арасында «Математика әлемінде» атты сайыс өткізді. Сайыс өте қызықты да тартымды өтті. Оқушылар үлкен белсенділікпен қатысып отырды. Сайыс барысында көрермендерге жұмбақ жасырылып «Мерси» тәттілері таратылды.
Физика пәнінің мұғалімі Сумагулова Багдагул Нурымханбетовна 9 «А» сыныбына «Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Тербелістерді сипаттайтын түрлі Ұлттық құндылықтар мысалға келтірілді. Көптеген жас мамандар өздеріне сабақтарында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер мен сабақ құрылымдарын алып жатты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай бабамыз айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады. Сондықтан да «жаратылыстану-математика» әдістеме бірлестігінің ұстаздары алдағы еңбек жолдарында, талмай, шаршамай, заман талабынан қалмай, іздене жүріп, әлі де түрлі қызықты да тиімді сабақтар беруге ұмтылып жүреді. Онкүндігіміздің жабылуы дөңгелек стөл түрінде өтті. Әр пән мұғалімдері осы онкүндік аясындағы көрген-білгендері, үйренгендері, қызыққандары, ерекшеліктері туралы туралы ойларын ортаға салды.
Бағдагүл Сумагулова,
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
№ 40 ЖББМ бірлестік жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі