Жуырда Алматы қаласы Түріксіб ауданына қарасты №203 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылдың «Жыл мұғалімі» және «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы, Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп гимназиясының мұғалімі Дәурен Сағынғалиевпен кездесу өтті.
Кездесуде Дәурен Сағынғалиевке “Оқушыларды Ұлттық біріңғай тестілеуге қалай дұрыс даярлау керек?, Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы қажет?, Оқушыларды ҰБТ-ға оқулықпен ғана дайындаған жеткілікті ме, әлде қосымша материалдармен дайындаған дұрыс па?” деген сауалдар қойылды. Бұл сұрақтарға ол тұщымды жауап берді.
Кездесу барысында Дәурен Наурызбайұлына Майгүл Құдайберген өлең жолдарын арнаса, мектеп директоры Расима Дайрбаева ақжарма тілегін білдірді.
Сондай-ақ шарада мектеп психологымен шағын ойын ойнатылды. Мектеп ұстаздары кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, білім саласындағы көптеген мәселерге қанық болды.
«BILIM AINASY»,
Дулатбек Нұрланұлы,
Алматы қаласы