Home » Балабақша » Біз қорғана білеміз

Біз қорғана білеміз

Бүгін, 19 ақпан күні Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 170 КМҚК бөбекжай балабақшасында «Нағыз әлем — бұл қауыпсіз әлем» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, аға инжинері Нұртас Мұхитов, бас маман Назерке Садуақасова, Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскер маманы Гүлшара Наймангельдиева  және ата-аналар қатысты.
Семинарда балабақша тәрбиешілері мен «Күншуақ», «Балауса», «Балдәурен» топ бүлдіршіндері оқыс оқиға орын алған жағдайда қауіпсіз жерге бару үшін не істеу керектігі және жол ережелерін сақтау туралы дайындаған қойылым көрсетілді.
Шара барысында бүлдіршіндер “Оқыстан өрт туындаса кімге хабарласу керек?”, “Жер сілкінісі орын алса қайда тығылу керек?”, “Сіріңкемен дос болмау керек!”, “Жол жүру ережелерін сақтау керек” деп, көрермен назарына қойылым арқылы жеткізді.
— Қарапайым тұрмыстық ережелерді сақтау, маңыздылығын түсіндіру, оны балаларға ұғындырып, кез келген оқыс жағдайда баланың жасайтын іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал ету әр қайсымыздың міндетіміз. Сондықтан бүгінгі шараның мақсаты — осы.  Шарадан ата -аналар да, балалар да бірпз нәрсе алады деп ойлаймын,-деді шарада балабақша меңгерушісі Шаризат Орманбекова.
Семинар барысында ата-аналар мен балалар бірігіп  «Сақ жүрсең-сау жүресің» тақырыбына дайындаған шығармашылық жұмысты тамашалады.
Шара соңында төтенше жағдайлар басқармасының мамандары балабақша ұжымына алғыс білдіріп, Шолпан Қыдырмоллаева, Ғалия Альжанова, Айжан Ахметова, Гүлнұр Керімбекова, Зоягүл Тұрлығазиева Айнұр Ташимоваларға және Салтанат Шабаеваларға мақтау қағазын табыстады.
Жарты сағатқа созылған шара балалардың «Біз қорғана білеміз» атты флешмобымен тәмамдалды.

«BILIM AINASY»,
Жұлдыз Смаилова,
Алматы қаласы

One comment

  1. Ерасыл нағашысы

    Жаным Раяна жиенім топ томпақ әр әдемі өзі тфай тфай

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.