Жақында білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және Медеу ауданы білім бөлімінің қолдауымен Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің жолы — қазақ тілді орта құру” атты қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие ісі бөлімінің әдіскері Ақерке Исатаева, Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Агайша Сапарова және Алматы қаласы мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.
Семинарда мектепке бейнесаяхат жасалды. «Біртұтас тәрбие» және «Алматы мектеп» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында
білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер қарастырылып, аталған жобаның презентациясы көрсетілді.
Семинар-практикумның басты мақсаты — оқу пәндерінің әдістері арқылы қазақ тілін енгізу тәжірибесімен бөлісу.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері «сыни ойлау технологиясы арқылы қазақ тілін енгізу», «тарих сабағындағы қазақ тілді орта» , «ата-әже тәрбиесі» , «биология сабағындағы қазақ тілді орта», «мен дау- дамайды шешіп үйренемін», «математика сабағындағы қазақ тілді орта» сынды шеберлік-сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы,
Дулатбек Нұрланұлы