Home » Жаңалықтар » Жаңа технологиялар мекені

Жаңа технологиялар мекені

Таяуда Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты №65 мектепте  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі атты семинар өтті. Оған  қалалық ғылыми-әдістемелік және жаңа технологиялар орталығының мамандары мен университеттерден ғалымдар қатысты.

Ұстаздарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, білім сапасын көтерудегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсету — семинардың  негізгі мақсатының бірі.

Сондай-ақ білім сапасын көтерудегі stem технологиясының маңызын көрсету, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, теориядан практикаға, олардың әр түрлі жобаларды өз қолымен жасай алатынын көрсету де, семинардың басты мақсаты.

Оқушылар информатика сабағында 3D модельдеу, webсайт жасау, программирование мен геймификация арқылы роботтар құрастыруын көрсетті.

Сонымен қатар жас мамандар клубының жұмысы да  таныстырылды. Олардың жасанды интеллект пен түрлі цифрлық технологияларды сабақ беру барысында тиімді пайдалануы көрсетілді.

Мектепте 4 STEM кабинеті бар. Пән мұғалімдері стем технологиясын пайдаланып сабақтарын көрнекті жүргізеді, әртүрлі цифрлық контенттерді, платформаларды тиімді пайдаланады. Роботехника сабағында оқушылар робот құрастырады, информатика сабағында вебсайт жасап үйренеді.

«Білім айнасы»,
Алматы қаласы ,
Дулатбек Нұрланұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.