Алматы қаласы Алатау ауданы Боралдай ықшам ауданында орналасқан «Раушан Аяла» ЖШС балабақшасында «Ұлттық құндылық» такырыбында ашық сабақ өтті.
Шарада балабақша меңгерушісі Раушан Баймолдаева ашық сабақ өткізудің мақсаты — ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына ойын арқылы сіңіру екенін айтты.
-Бала тәрбиесінде дәстүрдің өзекті негіздері тіл мен дін, тарихы мен салт -дәстүрі екені анық. Жас ұрпақты рухани мәдениетке тәрбиелей үшін бүгінгі ашык сабағымызды ойын түрінде өткізуді жөн көрдік, -деді Раушан Баймолдаева.
Шара барысында бүлдіршіндер ортаға шеңбер құрып, келген қонақтармен амандасты. Одан кейін тәрбиешілер балаларға “Ұлттық құндылық дегеніміз не?”, “Ұлттық құндылық дегенді қалай түсінесіңдер?” деген сұрақтар қойды.
Бүлдіршіндер «Қыз қуу», «Асық ойнау» және «Киіз үй құру» сияқты ойындар арқылы өздерінің осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсетті. Бірі — ат әбзелдерін жатқа айтса, еді бірі — киіз үйдің уық, шаңырақ, кереге құрылымын таныстырды, ұлттық тағамдарды атап өтті. Шара соңында бүлдіршіндер «Қара жорға» биін биледі.
“BILIM AINASY”,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы
Булдіршіндер жасай берсін