Home » Жаңалықтар » «Жарқын болашақ» жобасы

«Жарқын болашақ» жобасы

Алматы қаласы білім басқармасының «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК “Жарқын болашақ” жобасы аясында ата-аналармен жарыстар өткізді. Жарыстардың мақсаты — баланы КМҚК №132 бөбекжай- балабақшасында және отбасында бақытты болуға, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Аталған жобада ата-аналармен ұйымдастырылған жарыстар үш кезеңнен тұрды: музыкалық, спорттық, аспаздық.
Жобаның жетекшісі «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Заурбекова Сандугаш Огизбаевна музыкалық «Өнерім-Аспабым-Әуенім», спорттық «Ұлттық ойындар-Рух жігері», аспаздық «Ұлттық тағамдар – ырысым» тақырыптарында ата-аналармен өткізілетін жарыстардың бағдарламасымен таныстырып өтті.

Бірінші «Өнерім-Аспабым-Әуенім» музыкалық жарысты
«№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК музыка жетекшісі Мамрайм Бекзат Әбдіғаппарұлы өткізді.
Бірінші сайыста ата-аналар мен балалар үш топқа бөлініп, ұлттық аспаптарды ретімен орналастыру ойынын ойнап, ұлттық аспаптармен ән айтып, би биледі.

Екінші «Ұлттық ойындар-Рух жігері» спорттық жарысты «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК дене шынықтыру нұсқаушысы Демит Ақжол Камалұлы өткізді. “Асық”, “Қамшы”, “Қалқан”, “Найза” топтары сайысқа түсті.
Садақ ату, қыз қуу, теңге ілу сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.
Соңғы бөлімде «Ұлттық тағамдар – ырысым» аспаздық жарысты «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Садуахасова Аидана Жылқайдарқызы өткізді. Ата-аналар мен балалар “Қазы”, “Құрт”, “Ірімшік” атты үш топқа бөлініп, аспаздық өнерлерін көрсетті. Құрт жасау, ұлттық тағам әзірлеу, май шайқау сайысына түсті.

Шара соңында барлық ата-аналар мен балалар бөбекжай-балабақша меңгерушісінің жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.

-Балабақша  — табалдырығын аттаған бүлдіршіннің нәзік жүрегіне нық сенім ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін, лайықты білім мен тәрбие беретін алтын қақпа. Балабақшаны бақыттың баспалдағына айналдыру, әрине, біздің біліктілігіміз бен еңбекқорлығымызға байланысты. Осы ретте Сандугаш Огизбаевна Сіз бен ұжымыңызға сәттілік тілеймін. Жобаларыңыз жалғасын таба берсін, — деді Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Зоя Кашкинбаевна.
Семинар соңында ашық микрофон айдары өтіп, ата-аналарға сөз берілді.
Ата-аналар «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ұжымына алғыс айтты.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.