Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№ 15 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Кәрібаева Балнұр Мырзағалиқызы
Мақсаты:Бала тәрбиесін ата – аналармен бірге шешу. Ата – аналардың өзара қарым — қатынасын жақсарту.
Барысы: Сәлеметсіздерме құрметті ата – аналар. Бүгінгі біздің «Отбасы, бала, балабақша» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата – ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры,үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол,айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам, Азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата – ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата – анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым – қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.
Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.
Олай болса мен қазір мен сіздерге осы отбасы, бала, балабақша төңірегінде сұрақтар дайындап қойдым. Сол сұрақтарды оқып, өз ойларымызбен бөлісейік.
І. Берілетін сұрақтар:
- Бесік тербетіп отырып «Әлди» әнін айтасыз ба? Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.
- Ата мен әже және әке мен ана тәрбиесіндегі айырмашылық бар ма?
- Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы түсініспеушілікті қалай шешуге болады?
Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сөздер мына стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жұапыстыруларыңызды сұраймын. Ата – аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.
Сау болыңыздар
- «Тілек шамы» (қорытындылау) «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен бөбекжай – бақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты талқылауға тырыстық.