Home » Мақалалар » Оралхан Бөкей 80 жаста

Оралхан Бөкей 80 жаста

Астана қаласы Білім басқармасына
қарасты «Бейімбет Майлин атындағы
№52 мектеп-гимназия» МКМ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Калиева Акжанай Еркинбаевна

          Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкейдің 80 жыл мерейтойының қарсаңында  «Оралхантану» – жалпы орта білім беру мектептерінің 7-сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасын жазып, қалалық деңгейде қорғадым.  Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушы өскелең ұрпаққа Оралхан Бөкейдің  өмірі мен шығармашылық жолын, артында қалған әдеби мұраларын дәріптеу, насихаттау. Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында оқушылардың жазушы тағдырымен, көптің көңілінен орын алған классикалық туындыларымен жақын таныстыру, Оралхан туралы зерттеу жұмыстарды оқыту, қаламгерге арналған көрнекті өнер туындыларымен таныстырып,  рухани білім алуға ықпал ету көзделген.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

«Оралхантану» бағдарламасы ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі, әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген  жазушы, сөз шебері,  шығармаларының көркемдігімен, жалпы адамзат тіршілік етіп  жатқан өмір атты мәңгілік майданның өтінде жүрген адам пенденің осынау тіршіліктегі бітпес күресін әйгілейтін ізгілік пен зұлымдықтың арасындағы бітпес айқасты суреттеуді арқау еткен шынайы болмысымен танылған Оралхан Бөкей (1943-1993) өмір жолы мен көркем туындыларын, шығармашылық шеберханасын тануға арналған. Бұл бағдарламаны оқыту барысында оқушылардың қаламгер тағдырымен, сан қырлы туындыларымен жақын таныстыру мақсат етіледі. Оралхан  туралы зерттеу еңбектерін оқыту арқылы жазушыға арналған өнер туындылары мен қаламгердің шығармашылығын меңгеру көзделген.  Көркем сөз өнерінің хас шебері,  туындыларында форма жағынан ерекшелік басым Оралханның  орнын тарихи тұрғыдан зерделеу; өмірі мен шығармашылығын талдау арқылы оның кісілік келбетіне, жазушылық дарын деңгейіне, журналистік теңдесі жоқ сирек талантына көз жеткізу мұрат етілген.

Бағдарлама жалпы орта білім беру мектептерінің 7-сынып оқушыларына арналған.

Өзектілігі:

  • Көрнекті қаламгер Оралхан Бөкейдің әңгімелерін көркемдік идеялық тұрғыдан талдап танудың нәтижесінде суреткердің қоғамдық –әлеуметтік мәселелерді басқаға ұқсамас өзіндік ізденістерімен көтере білуіндегі ерекшеліктеріне жаңаша пайымдаулар жасау. Ұлттық сөз өнерінде қара сөзге сыршылдық леп беріп, қайталанбас образдар жасаған сөз зергерінің өмір жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Жазушы шығармаларын оқыту, сол арқылы қарапайымдылық пен шынайылыққа жетелеу, жас оқырманның эстетикалық талғамына, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Бағдарламаның  мақсаты:

  • Оралхан Бөкейдің қоғамдық әлеуметтік мәселелерді көтеріп айта білуіндегі суреткерлік ізденістеріне жаңаша пайымдаулар жасап, өнегесі мол өмірі мен шығармаларының құндылығын таныту.

Міндеттері:

  • Оралхан Бөкей әңгімелерін идеялық-тақырыптық , жанрлық, көркемдік-эстетикалық ерекшелігіне сай пайымдау;
  • жазушы әңгімелерінің тақырыптық сабақтастығын, мазмұндық байланысын зерделеу;
  • жазушының көркем бейне жасау шеберлігін, шығармашылық ізденістерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты талдау;
  • Оралхан мұралары қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды екендігін айқындау;
  • жазушының сөз өнеріндегі тәсілін, эстетикалық талғамын, көркемдік шеберлігін, тақырып ауқымын талдап көрсету;
  • публицистикалық, поэзиялық, прозалық туындыларының сипатын, тақырыптық-идеялық ерекшелігін ажырату;
  • Оралхан Бөкейдің дәуір сипатын, қоғам тынысын реалистік тұрғыдан бейнелеу сипатын саралау.

Білу – ұлттық әдебиет тарихындағы көрнекті жазушы Оралхан мұрасын тану, сөз зергерінің әдеби үрдіске, рухани дамуға әсерін зерделеу. Сонымен қатар, әдебиет пен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылым салаларына қатысты әдіснамалық тәсілдер мен әдістерді, оқушылар үшін практикалық тиімділігі бар нәтижелерге қол жеткізетін тұжырым жасау тәсілдерін, ғылыми ақпаратты жинау, қорыту, сақтау әдістерін білуі қажет.

Істей алу – баспасөз деректері, архив құжаттары мен Оралхантану бағытындағы зерттеулер негізінде О.Бөкей туралы ғылыми-танымдық, әдістемелік еңбектерді тану.

Дағдысының болуы – ғалымдардың еңбектеріне қатысты айтылған сындар мен пікірлерді саралау, мәтінмен жұмыс жасауға дағдылану.

 

Практикалық басымдықтар:

  • пәнге қатысты терминологиялық аппаратты меңгерту және оларды өмірлік тәжірибесінде пайдалана білу дағдысын негізге алу;
  • көркем әдебиеттің басты сипаттарын, шығарманың мазмұнын, түрі туралы диалектикалық ұғымды, өлең тілі мен проза тілінің табиғатын, жазушы дүниетанымы мен шығармашылық процесін, қаламгерлердің өмір құбылысын, қоғам бейнесін бейнелеу принциптерін ажырата пайымдай білу жолдарын игерту;
  • ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің тақырыптық-идеялық және  көркемдік ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін, қоғамдық-саяси, әлеуметтік ықпалын бағамдай білу, кезең әдебиетінің нысаны мен басты қағидаларын, ұстанымдарын ажырата білу;
  • жазушы шығармашылығын терең талдаудың, әрі зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту;
  • қазақ сөз өнеріндегі Оралханның орны мен азаматтық болмысын таныту. Оралхан шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, Оралхантану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оралхан Бөкей поэзиясын тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік-эстетикалық ерекшелігіне сай зерделейді;
  • қаламгердің шағын проза жанрының шебері екендігін айқындайды;
  • әңгімелеріндегі уақыт мінезін көркемдік биік деңгейде жеткізе білу талантын жан-жақты талдайды;
  • Оралхан мұралары қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды екендігін айқындайды;
  • жазушының сөз өнеріндегі тәсілін, эстетикалық талғамын, көркемдік шеберлігін, тақырып ауқымын талдап көрсетеді;
  • публицистикалық, поэзиялық, прозалық туындыларының сипатын, тақырыптық-идеялық ерекшелігін ажыратады;
  • Оралхан Бөкейдің қазақ рухани әлемінде ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған өзіндік орны мен қоғамдық санаға қосқан үлесін жан-жақты зерделейді.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Бағдарлама соңында оқушылар:

1) Оралхантанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;

2) Оралханды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;

3) Оралхан философиялық-психологиялық әңгіме жазу шебері екенін білуі;

4) қаламгер көркем шығармалары қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;

5) шығармаларын талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған әңгімелерді өз бетімен оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі, пайымдап оқу, дұрыс оқу;

6) оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беруі;

7) шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алуы;

8) оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуі.

 

Оқушылардың «Оралхантану» бағдарламасы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:

1) қаламгер әңгімесінің көркемдік әлемі: шығармаларындағы кейіпкер болмысын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы танытқан өзіндік бір қыры екенін білуі;

2) шығармаларындағы кейіпкердің жан күйзеліс сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленген әңгімелері, драмалық тақырыптық  және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі;

4) Оралханның сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы рөлін білуі;

5) адамзаттық мәселелерді қозғай отырып, адамзатты ғасыр дертінен сақтандыру мақсатын көтергенін түсіне білуі;

6) шығармаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын айқындай алуы;

7) қаламгер мұраларының зерделенуі мен Оралхантану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

8) жазушының жазу шеберлігі мен өнердегі ізденістері жайлы пайымдауларын түсінуі;

9) қазіргі Оралхантану ғылымының даму бағыттарын, Оралхантану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

 

10) қаламгердің қазақ прозасына енгізген жаңалығын, жазушылық шеберлігін танып білуі;

11) Оралхантану  бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі.

                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1.      Тоқбергенов Т. «Қос қағыс». –Алматы: Жазушы, 1981
  2. Бөкеев О. Хикаяттар. – Алматы: Ан Арыс, 2010. – 320 б
  3. Жанұзақова Қ.Т. Оралхан Бөкеев прозасындағы романтизм. Алматы, 1999. – 27 б.
  4. Көзбеков Ө. А. О. Бөкеев прозасының поэтикасы. Алматы, 1998. – 22 б.
    5. Шортанбаев Ш. Ұстаз. Ғалым. Азамат. //Айқын.-2013.-17 маусым. —6 б.
    6. Аймұхамбетова Ж.Ә. О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі. Астана,1999.
  5. Көзбеков, Е.А. Оралханды оятқан оғлан /Ескенбай Көзбеков; құраст. Г. Искакова.
  6. Рамазанова А. Қазіргі қазақ повестеріндегі адам мен табиғат мәселелері. /70-80ж/. Алматы, 1993. — 25 б.

9.Алматы, Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2013. — 228 б.

  1. Айтуғанова С.Ш. Адам және табиғат концепциясы шағын прозада. Алматы, 2000. –25 б.
  2. Құрманбайұлы Ш. Толғаулы тіл. Астана, Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2014. – 372 б.
  3. Сембаева А.Г. Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О. Бөкеев шығармалары бойынша). Алматы, 2002.-24 б.
    13.О.Бөкей  Таңдамалы  I  том    О.Кенжебеков, Т.Мәмесейітов     «Жазушы» баспасы 1994 жыл
  4. Оралхан Бөкей Алматы 2003 Ж.Әділбаев
  5. http://alashainasy.kz/proza/-oralhan-bokey-kar-kyizyi-52406/
  6. Оралхан Бөкей. Қайдасың, қасқа құлыным, повестер мен әңгімелер. – Астана: Елорда, 1999.
  7. Оралхан Бөкей. Алтын қалам. –Алматы, 2010.
  8. Оралхан Бөкей. Қар қызы. –Алматы: «Рарикет», 2008.
  9. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.